Супертоптарда 10,000 қолданушы: әкімші құралы және т.б.

Read the original announcement in English

Бұл ескі блог жазбасы. Оны өткізіп алсаңыз, топтарда қазірдің өзінде әрқайсысында 200,000 мүшеге дейін болуы мүмкін.

Telegram 4.1-нұсқасымен біз супертоптардың максималды көлемін 10 000 мүшеге дейін ұлғайттық. Бұл бір топқа сыйған өте көп адам және енді қолданушылар мен әкімшілер олардың арасынан белгілі бір қолданушыны табу үшін іздеуді қолдана алады:

Мүшелерді іздеу

Әкімшілер де өз арналарындағы мүшелерді де іздей алады.

10 000 адамнан тұратын шағын қала көлеміндегі топтармен сіз әлдеқайда қуатты басқару құралдары керек болуы мүмкін. Telegram 4.1-нұсқасы сізге дәл соны береді.

Әкімші құқықтары

Енді бірлестікті басқаруға көмектесетін арнайы рұқсаттары бар әкімшілерді қоса аласыз. Сенімді әкімшілеріңіздің қайсысы жаңа қолданушыларды қоса алатынын, хаттарды басқара алатынын, мүшелерді бұғаттайтынын, топ ақпарын өңдей алатынын немесе тіпті жаңа әкімшілер қоса алатынын таңдаңыз.

Әкімші құқықтары

Ішінара шектеу

Енді әкімшілер мәселе тудыратын қолданушыларды супертоптардан толықтай бұғаттағысы келмесе, рұқсаттарын ішінара шектей алады. Жағымсыз қолданушыларды «тек оқу режімі»-не қоя аласыз немесе олардың белгілі бір уақытқа стикерлер немесе медиафайлдар жіберуіне тыйым сала аласыз. Енді бұның бәрін дәлдікпен жасай аласыз:

Ішінара шектеу

Тіпті роботтар да ойын-сауыққа кіре алады. Bot API 3.1-нұсқасы арқылы мүшелердің әрекеттеріне негізделген уақытша немесе тұрақты тыйымдарды автоматты түрде енгізу үшін әкімші боттарын қолдана аласыз. Бүгін роботтандырылған полиция жасағын құруды бастау үшін мына құжаттарды қараңыз.

Соңғы әкімші әрекеттері

Бірнеше әкімші бір топты басқарғанда, қай әкімші не және қалай істегенін білу қиындайды. Сол себепті әкімшілер бетіне «Соңғы әрекет» бөлімін қостық. Бұл бөлімде соңғы 48 сағатта топта жасалған барлық қызмет әрекеттерінің журналы сақталады және оны тек әкімшілер көре алады.

Соңғы әкімші әрекеттері

Дәл сүзгілер

Супертоптардағы соңғы әрекеттер, сонымен қатар, соңғы 48 сағатта жойылған хаттарды, өңделген хаттардың түпнұсқаларын көрсетеді, сондықтан өздігінен жойылған спам сияқты жағымсыз әрекет енді ешкімге әкімшілердің қаһарынан құтылуға көмектеспейді.

Бөлісу мен Android Pay

iOS-қа арналған Telegram 4.1-нұсқасы сізге жетілдірілген бөлісу кеңейтімін ұсынады. Telegram-ға басқа қолданбалардан заттарды бөліскен кезде міндетті емес пікір қосып, бірнеше алушыны оңай таңдай аласыз. Кейбір жаңа әрекеттерді, соның ішінде сурет/бейне түсіріп, оны бірнеше алушыға жіберуді көру үшін қолданба табасын басып тұрыңыз (3D Touch).

Жаңа бөлісу кеңейтімі

Android-та Telegram 4.1-нұсқасы сізге Android Pay бот төлемдерін қолдауды және жақсартылған медиа таңдауды береді, енді суреттер мен бейнелер қосымша мәзірінен немесе галереядан бөліскен кезде бірге көрсетіледі.

Сөз бостандығы

Бұл жаңартуда цензураға қарсы құралдар да бар, мысалы: баптаудың «Дерек пен жад» бөлімінде прокси-серверді орнату мүмкіндігі.

Біз еркін әрі қауіпсіз коммуникацияға сенеміз. Біздің бүкіл әлемдегі қолданушыларымыздың жеке өмірі мен сөз бостандығын қорғау үшін технологияны ұсыну біздің міндетіміз.

2017 жылы 30 маусым
Telegram командасы