Орын, сипаттама және т.б.

Read the original announcement in English

Бүгін біз Android пен iOS қолданбарымызға көптен күткен бірнеше мүмкіндікті бір үлкен жаңартуда қосып отырмыз.

Орын

Орналасқан жерді бөліскенде енді сіз орындар мен көрнекті жерлерді таңдай аласыз. Ал орналасқан жерді қарағанда бағыттарды ала аласыз. Бұл бөлім әдемі түрде қайта жасалды.


Суретке сипаттама

Telegram-да жетіспей тұрған тағы бір нәрсе – фотоларға жазба. Енді сіз жіберетін кез келген суретке жазба қоса аласыз, ол үшін сурет өңдегіш тақтасында жоғарғы оң жақтағы T таңбасын басыңыз.


Жаңа дауысхат

Енді алушы дауысхатыңызды тыңдағанын көре аласыз және өзіңіз тыңдаған дауысхаттарды бақылап отыра аласыз. Тыңдалмаған дауысхаттар енді кішкентай нүктемен белгіленеді.


Зерек мәлімдеме

Белсенді топ чаттарынан үздіксіз мәлімдемелерден шаршадыңыз ба? Біреу сізге ондаған хатты жіберген сайын бірнеше хаттардан жалықтыңыз ба? Десктоптан сөйлесіп отырған адаммен ұялыда да хаттар алып отырсыз ба? Шешілді! Бүгіннен бастап сізге қажет болғанда ғана хат келеді.

Бай сілтеме көрінісі

Уәде еткеніміздей, енді сілтеме көрінісі қазір YouTube пен Twitter сияқты ең танымал қызметтерге көрінісітен басқа кез келген жаңалықтар сайты үшін дерлік жұмыс істейді.

Android жаңалықтары

Android-қа арналған Telegram енді iOS қолданбасына қосылып, кеңейтілген «жазып жатыр» мәртебесін көрсетеді: сіз енді чаттасыңыздың сурет жіберіп жатқанын немесе дауысхат жазып жатқанын көре аласыз. Жылжыту мен сурет анимациясы бұрынғыдан да жатық болды.

Android-тағы эмоджи мәзірін толықтай қайта жасадық, енді онда арнайы стикер қойындысы бар. Бұл Telegram-ға жақында келетін стикер революциясының алғашқы қадамы.


Топқа шақыру сілтемесі

Бұл мүмкіндік керемет, ол жеке жазбаға лайық.


Telegram командасы,
2015 жылы 30 сәуір