Коронавирус жаңалықтары және расталған арналар

Read the original announcement in English
Расталған арналар және коронавирус жайлы ақпарат

Telegram арналары — хаттарыңызды шексіз аудиторияға таратуға арналған қуатты құрал. 2015 жылдан бері медиа ұйымдар мен қоғам қайраткерлері оларды оқырмандарға, сайлаушыларға және жанкүйерлерге қол жеткізу үшін пайдаланып келеді, әсіресе сөз бостандығы шектелген елдерде.

Соңғы уақытта біз арналардың жаңа түрі танымал болып жатқанын байқадық: оларды дүние жүзіндегі Денсаулық сақтау министрліктері жасауда. Үндістан, Малайзия, Израиль және көптеген басқа елдер қазір Telegram арқылы жаңалықтар, ескертулер мен кеңестер жіберіп отырады.

Арналар мен олардың мүмкіндіктері жайлы толығырақ »

Жаңа растау құралдары

Қолданушыларға сенімді ақпарат көздерін жалған жаңалықтардан ажыратуға көмектесу үшін біз бүгін жеңілдетілген растау үдерісін іске қосамыз.

Басқа әлеуметтік желілерде расталған тіркелгіңіз болса, арнаңыз, тобыңыз немесе ботыңыз үшін растау таңбасын алу үшін жаңа @VerifyBot ботымызға хабарлассаңыз жеткілікті.

Telegram растауының ережелері жайлы толығырақ »

Қолданушыға арналған мәлімдеме

Ақпарат — жаһандық денсаулық үшін күрестегі ең қуатты қару (кем дегенде, біз вакцина алғанға дейін). Өз үлесімізді қосу үшін біз ресми арналары бар елдердегі барлық қолданушыға вирус жайлы соңғы мәліметтерді жіберіп, оларға сол арналарға қосылуды ұсынып жатырмыз.

Біз денсаулық сақтау саласының барлық өкілін халықты құлақтандыруда ынтымақтастыққа шақырамыз. Өз еліңіздің Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істесеңіз және оның арнасын ілгерілетуді қаласаңыз, алдымен оны @VerifyBot арқылы растаңыз, содан кейін бізге corona@telegram.org мекенжайына жазыңыз.

Коронавирус жайлы ақпар

Қолданушылар өз аймағындағы пандемия жайлы нақты әрі өзекті ақпарды табуы үшін біз арнайы арна жасадық. Ол іздеу бөлімінде коронавирусқа қатысты барлық кілт сөздер бойынша бірінші нәтиже ретінде көрсетіледі. Онда елдер бойынша ресми жаңалықтар көздерінің тізімі бар.


Арналардан тыс: топтар мен боттар

Telegram арналары жаппай бір жақты хат таратуға жақсы, бірақ адамдарды ақпардандырудың интерактивті жолдарын іздесеңіз, топтарды немесе боттарды байқап көріңіз.

Telegram топтарында 200 000-ға дейін мүше болуы мүмкін және олар тәртіпті сақтау үшін қуатты құралдарды ұсынады. Мысалы: Үндістанның Карнатака штатының дәрігерлері қолданушылардың сұрақтарына жауап беру үшін осы ашық топты қолданады.

Telegram топтары жайлы толығырақ »

Telegram боттары — бұл чат тізімінен тікелей әрекеттесуге болатын үшінші тарап қосымшалары. Олармен батырмалар арқылы сөйлесесіз, ал олар хаттармен және түрлі медиафайлдармен жауап береді. Боттар өте икемді және ақпар беруден бастап басқа веб-қызметтер біріктіруге дейін кез келген мақсатта қолданылуы мүмкін.

Мысалы: мынадай куиздерді жасап, өткізе алатын @QuizBot ботын тексеріп көріңіз.

Telegram боттары жайлы толығырақ »

Тағы бір нәрсе

Біз шынайы өмірдегі бетперде тапшылығына ештеңе істей алмасақ та, суретшілеріміз қолданба ішіне таусылмайтын қор жинаудың жолын тапты.

Осы жинақтағы маскаларды Telegram-ның сурет өңдегіші арқылы кез келген суретке қоя аласыз. Бұны халықтың хабардарлығын арттыру, цифрлық гигиенаны сақтау немесе жай ғана мұрныңызды жасыру үшін қолдану.

Үйде болыңыз. Қолыңызды жуыңыз. Сақ болыңыз. Келесі жаңартуларымызды күтіңіз!


2020 жылы 3 сәуір
Telegram командасы