Read the original announcement in English

Биылғы жазда Telegram 700 миллион белсенді қолданушыдан асып, Telegram Premium таныстырды, бұл кез келген адамға Telegram-ды дамытуға қолдау көрсетуге және айрықша қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол береді.
Бүгінгі жаңартуда Telegram-ның эмоджи платформасы, хаттар мен сипаттамадағы анимациялы эмоджи, жеке эмоджи жинағы, Telegram Premium-ды сыйлық ретінде беру мүмкіндігі, дауысхаттар үшін жаңа құпиялық баптауы және т.б. енгізілген.
Бүгін біз ашық эмоджи платформасын іске қосамыз, онда кез келген адам Telegram Premium қолданушылары үшін бірегей өнер стильдері мен кейіпкерлері бар арнайы жинақтарды жүктей алады.
Жаңа анимациялы эмоджиді хат мәтініне және медиа сипаттамаға қосып, чаттарыңызға одан да көп эмоция қосуға болады. Premium қолданушылары 500-ден астам Premium эмоджиі бар 10 бастапқы жеке эмоджи жинақтарына қол жеткізе алады, алдағы уақытта көптеген эмоджилер қосылады.
Хат теруді бастағанда, стикер батырмасы
эмоджи батырмасына айналады, ол қайта жасалған эмоджи тақтасын ашады, осылайша эмоджи жинақтарыңызды жылдам қарап шыға аласыз немесе жаңаларын қоса аласыз.
Барлық қолданушы кез келген анимациялы эмоджиді көре алады. Кез келген адам оларды сынап көру үшін немесе ескертпелер мен еске салғыштарға қосымша ерекшелік қосу үшін өзінің Қоймада барлық жеке эмоджиді тегін қолдана алады.
Барлық жинақ эмоджи ұсыныстарына кіреді, :smile немесе :lol сияқты қысқа жолды теріңіз және бүкіл жинағыңыздан нәтижелерді көресіз. Статикалық эмоджиді теру барлық анимациялы жинақтарыңыздан ұсыныстарды көрсетеді.
Көптеген танымал жеке эмоджилер жеке чаттарда жіберілгенде де интерактивті болады, кез келген қолданушы үйлестірілген, толық экранды әсерлерін ойнату үшін басуы мүмкін.
Оны
сияқты кең тараған эмоджилермен және
тәрізді басқа эмоджилермен де қолданып көріңіз.
Стикер тақтасы iOS-та жаңа көрініске ие, стикерлер, GIF пен эмоджи үшін жеке қойындылар бар, дәл Android, Desktop және веб қолданбалардағыдай.
Барлық қолданбада GIF бөлімінде енді біздің соңғы байқауымыздан түскен салымдардың арқасында сүйікті фильмдеріңіз бен шоуларыңыздан мыңдаған жоғары сапалы GIF бар.
Premium қолданушыларына оларға дауысхат пен бейнехаттарды кім жібере алатынын бақылауға мүмкіндік беретін жаңа баптау бар, мысалы: Бәрі, Контактім немесе Ешкім.
Басқа құпиялық баптаулар сияқты, бұл да айрықшалықтарды қолдайды, сондықтан сіз сізге Ешқашан немесе Әрқашан дауысхаттар жібере алатын қолданушылардың нақты адамдарын немесе топтарын таңдай аласыз.
Әрқашан тізіміңіздегі біреу ауызша сөйлесу үшін қолайсыз уақыт таңдаса, оның дауысхатын мәтінге айналдыра аласыз.
Бұл баптауды өзгерту үшін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Дауысхат бөліміне өтіңіз.
Енді сіз Telegram Premium тәжірибесін достарыңызбен, отбасыңызбен және әріптестеріңізбен бөлісу үшін оларға 3, 6 немесе 12 айға алдын ала төленген жазылымды жеңілдікпен жібере аласыз.
Қолданушы бейінін ашып, немесе
батырмасын басып, Premium сыйлау таңдаңыз. Сыйға берілген жазылым сол қолданушымен чатта арнайы хат ретінде лезде келеді, хатта анимациялы сыйлық қорабы болады.
Telegram-ның Desktop қолданбаларының бірін қолдансаңыз немесе Android қолданбасын тікелей біздің веб-сайттан жүктеп алсаңыз, @PremiumBot сияқты боттарды қолданып, Telegram Premium-ға жазыла аласыз немесе оны сыйға тарта аласыз.
ЖҚС-да Telegram Premium-ге арналған арнайы бөлім бар, онда сіз жазылымыңызды қалай басқару керектігін, оның қандай мүмкіндіктер ұсынатынын және неліктен ол сізді жылы әрі жайлы сезінетінін біле аласыз.
Толық экранды әсерлері бар жаңа интерактивті эмоджилер жасау – жақсы дәстүр және бүгін біз ![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
қосып отырмыз. Осы эмоджилердің бірін кез келген екі адам арасындағы чатқа жіберсеңіз, оны басу кезінде әсерді көрсететін үлкен анимациялы эмоджи пайда болады:
Бұл эмоджилер реакциялар ретінде де қолжетімді, қазіргі уақытта тек Premium жазылушыларына арналған.
Кез келген қолданушы Premium жазылушылары хатқа қосылған айрықша реакциялар үшін санағыштарды арттыра алады.
Бүгінге осы ғана. Жаздың қалған бөлігін рахаттанып өткізіңіздер, ал біз болсақ, әрқашан салқын болатын және келесі жаңарту қалыптасып жатқан жертөлелерімізге қайта ораламыз.
2022 жылы 12 тамыз
Telegram командасы