Read the original announcement in English
Telegram – бұл құпиялық. 2014 жылы хаттарда нақты құпиялық баптауын алғашқы болып енгіздік. Бүгін оларды топ чаттарына арналған айрықшылықтармен одан да икемді еттік.
Енді бар болғаны екі рет басып, бір топ чатындағы сыныптастарыңызға бір нәрсені көрінетін етіп қойып, басқа топтағы әріптестеріңізден жасыра аласыз:
Адамдар топтарға қосылып немесе топтан шыққан сайын баптаулар өздігінен реттеледі. Сондықтан өгей бауырыңыз кенеттен деректер брокері болып жұмысқа тұрса, барлық баптауды жаңарту үшін оны бір топтан шығарып жіберсеңіз жеткілікті.
Telegram-да жеке чаттарда және топтарда телефон нөміріңізді көрсетпей-ақ хат жібере аласыз. Бірақ кей жағдайларда нөміріңізді белгілі бір адамдарға (мысалы: әріптестеріңізге) көрсеткіңіз келуі мүмкін, сондықтан біз жаңа арнайы құпиялылық бақылауын қостық, ол Телефон нөмірімді кім көре алады.
Біз боттарды веб-қызметтермен біріктіруді жеңілдеттік. Енді боттар сізге сайттағы сілтемені ашқанда Telegram тіркелгіңізбен кіруге көмектесе алады. Рұқсат берсеңіз, бет браузерде жүктелген бойда кіресіз:
Бұл толығымен ерікті, бірақ көптеген жаңа боттарға жол ашады. Бұл үздіксіз авторизацияны сынап көру үшін осы жазбаның астындағы «пікір» батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ біздің үлгі @discussbot кез келген жариялау арнаңызға әкімші етіп қоса аласыз, сонда жариялаған жазбаңыздың астында пікір қалдыру батырмасы пайда болады. Бұл батырма сайтқа апарады, онда сіз кіргенсіз және пікір қалдыруға дайынсыз. Біреу пікіріңізге жауап берсе, бот сізге мәлімдейді.
Кез келген адам өз қызметтерін Telegram-ға жылдам қосу үшін осындай боттар жасай алады. Әлеуметтік, ойын, өнімділік, танысу немесе электронды сауда қызметтерін арналарға біріктіру енді өте оңай.
Telegram арналары ойларыңызды шексіз аудиторияға жеткізуге арналған құрал. Telegram топ чаттары – 200 000 мүшеге дейінгі бірлестіктерге демократиялық талқылау мүмкіндігін береді.
Арналар мен топтарды іске қосқаннан бері қолданушылар бізден арналарға талқылауларды, ал топтарға хабарландыруларды қосуды сұрап келді. Бұл жаңартумен әкімшілер арналарға талқылау тақтасы ретінде қызмет ететін топ чатын қоса алады:
Жазылушылар төменгі тақтада «Талқылау» сілтемесін көреді, ал арнадағы әр жаңа жазба автоматты түрде талқылау тобына жіберіліп, бекітіледі.
Арналар жайлы айтатын болсақ, енді тіпті Telegram-ға кірмеген болсаңыз да, кез келген жария арнаны вебтен көре аласыз. Бұл Telegram тіркелгісі жоқ адамдарға да қолжетімді.
Жай ғана арна сілтемесін браузерде ашып, «Арна көрінісі» таңдаңыз: t.me/s/telegram
Telegram қолданбалары енді күдікті тіркелгіге алаяқ белгісін көрсетеді.
Telegram 5.7 iOS үшін енді PDF файлдарына арналған нобайларды енгізді. Есіңізде болсын, Telegram кез келген файл түрін, әрқайсысы 1,5 ГБ-қа дейін бөлісуге мүмкіндік береді.
Telegram for iOS енді басқа қолданбаларға сәйкес мәтіндік сілтемелерді қолдайды. Енді кез келген мәтінді сайтқа сілтеме етіп жасай аласыз.
Адамдар сілтемені ашқанда оның қайда апаратыны жайлы ескерту алады. (Кеңес: адамдарды «рикролл» жасағыңыз келсе, URL қысқартқыштарын қолданыңыз).
Android үшін біз қолданбаның көпшілік растау диалогтарын қайта жасадық және хаттарды іздеу мен адамдарды топтарға қосу үшін дизайнды жақсарттық. Сонымен қатар қолданба «Чат» бөлімінде жаңа тақырып ауыстырғышын алды.
Барлығын қолданып көріңіз және келесі жаңартуларымызды күтіңіз.
2019 жылы 31 мамыр
Telegram командасы