Медиа алмастыру, VCard бөлісу, «Жаңа деп» белгілеу, 2X дауысхат және т.б.

Read the original announcement in English

Telegram 4.8.3 iOS үшін және 4.8.10 Android үшін бүгін шықты, бірнеше ыңғайлы мүмкіндіктер мен жақсартуларды алып келді.

Медиа алмастыру және түсініктеме жазу

Қате сурет жіберу ешқашан көңілді емес. Telegram-да бұрын хатты барлық адам үшін жойып, жаңасын жіберуге болатын. Енді сіз бірден дұрыс нұсқамен сурет немесе бейнені алмастыра аласыз:

Хат өңдеуді бастаңыз, содан кейін тіркеу батырмасын басып, тіркелген медианы алмастырыңыз. Сондай-ақ бұрын түсініктемесі жоқ сурет немесе бейнеге түсініктеме қосуға болады.

Дауыс және бейнехаттарды екі есе жылдам ойнату

Достарыңыз ұзақ әрі ойлы дауысхат жіберуді ұнатса, бұл мүмкіндік сізге ұнайды. Енді 2X ойнатуды қосып, адамдардың негізгі ойға жылдамырақ жеткенін тыңдай аласыз.

Біз қосымша бірнеше сағат жұмсап, достарыңыздың дауысын гелиймен дем алған тиіндерге ұқсатпайтын болдық.

«Оқылған» немесе «Жаңа» деп белгілеу

Бұл маңызды емес хаттарды тезірек ысырып тастауға және болашақта назар аударуды қажет ететін чаттарды ерекшелеуге мүмкіндік береді.

Толық контакт ақпаратын бөлісу

Кейде сіз контакт жайлы тек бір нөмірден артық ақпаратпен бөліскіңіз келеді. Бұл жаңартумен сіз контактіні бөліскенде қандай деректерді жібергіңіз келетінін таңдай аласыз. Мысалы: бірнеше телефон нөмірін немесе басқа vCard өрістерін.

Қай өрістерді бөлісуді таңдаңыз.

Бұл мүмкіндікті көру үшін бірнеше өрісі бар контактіні бөлісіп көріңіз.

Тағы бір нәрсе

Ғаламдық іздеу арқылы чат ашып, кейін артқа қайтсаңыз, іздеу нәтижелеріне қайта оралып, тізімдегі орныңызды сақтайсыз.

Тағы үш мүмкіндік (Android-та 💪)

Android қолданушылары 4.8.10 нұсқасымен бірнеше қосымша мүмкіндіктерге ие болды. Чат тізіміндегі бейін суреттерін басып ұстап, чаттарды алдын ала көре аласыз:

Бейін суретін басып ұстап тұрыңыз

Пішімдеу мәзіріндегі «сілтеме жасау» опциясын қолданып, мәтіннен URL жасай аласыз:

Бірнеше мәтінді таңдап, «...» басыңыз.

Соңғы, бірақ маңыздысы – енді хаттарды жіберілмей тұрып болдырмауға болады.

Бүгінге осы, келесі жаңартуларымызды күтіңіз!


2018 жылы 27 маусым
Telegram командасы