Telegram-дағы топ чаты

Read the original announcement in English

Telegram топтары бірлестіктер құру үшін қуатты құрал және әрқайсысы 200 мың мүшеге дейін қолдау көрсете алады.

Достар мен отбасылар суреттер мен жоспарлармен бөлісу үшін топтарды қолданады, командалар мен компаниялар өз жұмыстарын үйлестіру үшін, ірі ICO-лар сұрақтарға жауап беру және инвесторларымен байланыста болу үшін қолданады. Telegram-да топтардағы қарым-қатынасты олардың көлемі мен мақсатына қарамастан жеңілдететін көптеген мүмкіндіктер бар.

Жауап

Топтық чаттағы белгілі бір хатқа жауап беру үшін оны солға қарай сырғытып, мәтін жазып, «Жіберу» батырмасын басыңыз. Жауап берілетін хаттағы дәйексөзді бассаңыз, қолданба бастапқы хатқа дейін апарады және алдыңғы орынға оралу үшін жебе батырмасын көрсетеді. Бұл сіз біршама уақыт болмаған кезде де топтардағы сөйлесулерге өтуді жеңілдетеді.

Сіз жауап берген адам топтық чатты үнсіз етсе де, хатыңыз мәлемделеді, бұл жағдайда олардың сізге арналған жеке мәлімдеме баптауы қолданылады.

Атап өту

Топтық чаттағы бірнеше адамның әңгімеге бірден араласуын қаласаңыз, оларды хатта атап өте аласыз. Олар топтық чатты үнсіз етсе де, хатыңыз жайлы мәлімдеме алады. Әрине, олар сізді жеке үнсіз етпесе!

Жауап беру/атап өту мәлімдемесі

Жұмысбасты топтарда сіз бір күн ішінде бірнеше рет жаңа мәлімдемелер немесе жауаптар алуыңыз мүмкін және бұл хаттарды жіберіп алмау маңызды. Осылайша бұл орын алған кезде чат тізіміндегі «@» таңбасы арқылы бірден байқайсыз:

Топта жаңа жауаптар/атап өтулер болған кезде, чат ішінде жаңа «@» батырмасын басу арқылы олармен лезде байланыса аласыз. Барлық тиісті хатты оқығаннан кейін бұл батырма жоғалады (оларды оқылған деп жылдам белгілеу үшін батырманы ұзақ басуды да қолдана аласыз).

Өте үлкен

Топтар достарыңызбен және отбасыңызбен материалдарды бөлісуге немесе шағын командаларда бірлесіп жұмыс істеуге өте қолайлы. Бірақ олар өте үлкен бірлестіктерді да қабылдай алады, шын мәнінде, кез келген топқа 200 мыңға дейін мүше қосыла алады. Бізде осы виртуалды қалаларда бейбітшілікті сақтауға көмектесетін көптеген әкімші құралы бар.

Кеңес: Өте танымал нәрсемен айналысатын болсаңыз, арна құруды қарастырыңыз. Арна - бұл үлкен аудиторияға жария хаттарды тарату құралы және жазылушылардың саны шексіз болуы мүмкін.

Бекітпе

Топ әкімшілері чат экранының жоғарғы жағында көрсетілетін бекітпе арқылы барлық мүшеге маңызды жаңалықтарды хабарлай алады. Барлық мүше топтағы хаттың дыбысын өшірсе де, мәлімдеме алады.

Бекітпе

Топ әкімшілері қашанда бекітпені өңдей алады. Бұл бекітпеңізде маңызды хаттарға сілтемелер немесе басқа арналар мен топтардың жаңартылған тізімі болуы мүмкін екенін білдіреді.

Шақыру сілтемесі

Қолданыстағы топ чаттарын Telegram-ға еш қиындықсыз көшіру оңай. Достарыңызға шақыру сілтемесін жіберіңіз. Олар Telegram-ды алған бойда, сол сілтемеге өту арқылы Telegram тобыңызға лезде қосыла алады.

Сілтемені алу үшін алдымен Telegram-да топ құрыңыз, содан кейін «Қатысушы қосу…» бөліміне өтіп, «Сілтеме арқылы топқа шақыру» батырмасын басыңыз.


Жария топ

Жағымды көрінетін сілтемені қаласаңыз, топтар жария бола алады және t.me/publictestgroup сияқты қысқа сілтеме алады. Осылайша, кез келген адам топтың барлық чат тарихын көре алады және хаттар жіберу үшін қосыла алады.

Жария топ

Хат сілтемесі

Жария топтардың ішіндегі жеке хаттың сілтемесін көшіре аласыз. Оларды кез келген адам t.me сілтемесін ашу арқылы көре алады, Telegram тіркелгісі қажет емес. Сенімділікпен туит жариялаңыз!

Ботпен жақсырақ

Боттар топтардың әлеуетті күшін одан әрі арттырып, автоматтандырылған модерациядан бастап ойындарға, төлемдерге және одан да көп нәрсеге мүмкіндік береді.

Әкімші құралы

Бірлестігіңізде тәртіпті сақтауға көмектесу үшін сіз белгілі бір артықшылықтар жиынтығымен әкімшілерді қоса аласыз. Сенімді әкімшілеріңіздің арасынан жаңа қолданушыларды қосуға, хаттарды басқаруға, мүшелерді бұғаттауға, топ ақпарын өңдеуге немесе тіпті жаңа әкімшілерді қосуға кімнің мүмкіндігі болатынын таңдаңыз.

Әкімші құқықтары

Ішінара шектеу

Мүшелерді толығымен өз топтарынан бұғаттағысы келмейтін әкімшілер мәселе туғызатын мінез-құлықты тоқтату үшін олардың құқықтарын ішінара шектей алады. Жағымсыз қолданушыларды тек оқу режіміне қоюға немесе белгілі бір уақыт аралығында оларға стикерлер немесе медиа жіберуді тоқтатуға болады. Бұның барлығын абсолютті дәлдікпен жасай аласыз:

Ішінара шектеу

Тіпті роботтар да ойын-сауыққа араласа алады. Bot API 3.1-нұсқасы арқылы мүшелердің әрекеттері негізінде автоматты түрде уақытша немесе тұрақты тыйым салу үшін әкімшілік боттарды қолдана аласыз. Бүгін роботты полиция күшін құруды бастау үшін осы жердегі құжаттарды оқыңыз.

Әкімшінің соңғы әрекеті

Бірнеше әкімші бір топпен жұмыс істегенде, қай әкімшінің не істегені және қашан істегені жайлы шатасу оңай (немесе қай әкімші боты мүшелеріңізге Skynet жасады). Сондықтан біз әкімшілер бетіне «Соңғы әрекет» бөлімін қостық. Бұл бөлім соңғы 48 сағат ішінде топта жасалған барлық қызмет әрекетінің журналын сақтайды және тек әкімшілерге көрінеді.

Әкімшінің соңғы әрекеті

Дәл істейтін сүзгілер

Топтардағы соңғы әрекеттер сондай-ақ соңғы 48 сағатта жойылған хаттарды және сол мерзімдегі түзетілген хаттардың түпнұсқа нұсқаларын көрсетеді, сондықтан өздігінен жойылған спам сияқты жағымсыз мінез-құлық енді ешкімге әкімшілердің қаһарынан құтылуға көмектеспейді.

Топ стикері

100 және одан да көп мүшесі бар үлкен топтар барлық топ мүшесі үшін ресми стикерлер жиынтығын таңдап, оны өз тақталарына қосудың қажеті жоқ.

Топ стикері