Растау нұсқаулығы

Растау

Telegram қолданушыларға ресми дереккөздерді оңай анықтауға мүмкіндік беру үшін растауды ұсынады. Telegram командасы, әдетте, келесі платформалардың кемінде екеуінде расталған аккаунттары бар белсенді ресми арналарды, боттарды немесе ашық топтарды тексереді:

  • TikTok
  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube
  • Twitter
  • VK
  • Snapchat

Бұл платформалардағы био (өзі жайлы) бөліміне Telegram арнаңызға, ботыңызға немесе тобыңызға сілтеме қосыңыз, бұл олардың шынымен сізге тиесілі екенін растау үшін қажет. Осыдан кейін растау алу үшін @VerifyBot ботымызға жазыңыз.

Танымалдықты тексеру

Өтінім беру кезінде сізден өзіңіз немесе ұйымыңыз жайлы кем дегенде 2 баспасөз мақаласына сілтеме беру сұралады. Растау үдерісін жеңілдету үшін келесі шарттардың орындалғаны абзал:

  • Баспа немесе басылым танымал және бұрыннан келе жатқан болуы тиіс.
  • Мақала ағылшын тілінде жазылған болуы керек.

Мақалаларда танымал тұлға немесе ұйым жайлы міндетті түрде айтылуы керек, бірақ Telegram-ға сілтеме болуы міндетті емес.

Менде осы платформалардың екеуінде расталған тіркелгі болмаса ше?

Уикипедияда сіз жайлы даусыз және уикипедияның маңыздылық ережелеріне сәйкес келетін мақала болса және сол мақалада Telegram арнаңызға, ботыңызға немесе тобыңызға сілтеме болса, бұл жетіспейтін расталған тіркелгілердің бірі ретінде есептелуі мүмкін.

Ұйымдар жағдайында ұйымның ресми сайтынан Telegram арнасына берілген сілтеме де ескерілуі мүмкін. Бот әлеуметтік желі сілтемелерін тексергеннен кейін қосымша деректер мен түсініктемелерді жіберуді ұсынады.

Әлеуметтік желідегі тіркелгілердің бірінің орнына Уикипедия немесе ресми веб-сайт сілтемесін қолдансаңыз, олардың Telegram-да растағыңыз келетін арнаға, топқа немесе ботқа сілтемені қосатынына көз жеткізіңіз.

2 баспасөз мақаласын таба алмасам ше?

Уикипедияда сіз жайлы даусыз және уикипедияның маңыздылық ережелеріне сәйкес келетін мақала болса және сол мақалада Telegram арнаңызға, ботыңызға немесе тобыңызға сілтеме болса, бұл жетіспейтін расталған тіркелгілердің бірі ретінде есептелуі мүмкін.

Ұйымдар жағдайында ұйымның ресми сайтынан Telegram арнасына берілген сілтеме де ескерілуі мүмкін. Бот әлеуметтік желі сілтемелерін тексергеннен кейін қосымша деректер мен түсініктемелерді жіберуді ұсынады.

Растау нені білдіреді?

Бұл — арнаның, топтың немесе боттың ресми екенін және олардың өтінімін Telegram мақұлдағанын білдіреді. Кез келген ұйым немесе танымал тұлға растауға өтінім бере алады, талаптар барлық үміткер үшін бірдей.

Расталған чаттардың бейінінде, сондай-ақ чат тізімі мен іздеу нәтижелерінде арнайы таңба Verification Check пайда болады.

Растау чатта жіберілген пікірлерді немесе контентті қолдауды білдірмейді. Бұл тек қолданушыларға, журналистер мен зерттеушілерге ресми дереккөздерді анықтауға көмектесуге арналған.

Жеке қолданушы тіркелгісін растауға бола ма?

Telegram қазіргі уақытта жеке қолданушы тіркелгілерін растамайды. Бұл мүмкіндік тек ірі және белсенді ресми арналар, топтар мен боттар үшін қолжетімді.

Маған растау қажет пе?

Растау Telegram-да ешқандай қосымша мүмкіндіктер бермейтінін ескеріңіз, бұл тек арнаңыздың ресми екенін дәлелдеудің бір жолы ғана. Ресми сайтыңыздағы немесе басқа әлеуметтік желілердегі ресми тіркелгілеріңіздегі Telegram сілтемесі де осындай нәтиже бере алады.

Растаудан кейін атауды немесе қысқа сілтемені қалай өзгертуге болады?

Расталған арна, топ немесе бот өз атауын немесе қысқа сілтемесін (t.me/…) өзгерте алмайды. Өзгерістер қажет болса, алдымен растау мәртебесін жою керек. Ол үшін @VerifyBot ботына жазып, /unverify пәрменін жіберіңіз. Өзгерістерді жасағаннан кейін бот арқылы растауды қайта алуға болады.

Үшінші тарап растауы

Алаяқтықты болдырмау және жалған ақпарды азайту мақсатында ресми үшінші тарап қызметтері қолданушы тіркелгілері мен чаттарға қосымша растау таңбаларын бере алады.

Үшінші тарап растауының таңбалары чат атауының алдында пайда болады және оның бейініне толық түсініктеме қосады.

Қатысу шарттары

Үшінші тарап растауына қатысу үшін сізде Telegram растаған ресми бот болуы тиіс. Расталғаннан кейін қызметіңіз Telegram-да үшінші тарап растаушы болуға өтінім бере алады.

Әрбір растаушының бірегей таңбасы болуы керек. Таңба дизайны қарапайым, минималистік және бір түсті болуы тиіс.

Үшінші тарап растаушысына арналған өтінім @VerifyBot арқылы қолжетімді. Растаушылар да, олар растаған тіркелгілер де Telegram-ның қызмет көрсету шарттарына келісетін қарапайым қолданушылар. Осы шарттарды бұзатын тіркелгілерді растаушы мәртебесінен айыруға әкелуі мүмкін.

Растауды тағайындау

Өтініміңіз мақұлданғаннан кейін, басқаларға растауды тағайындауды, яғни, Бот бейіні → Тіркелгіні растау арқылы бастай аласыз. Чаттар мен тіркелгілер тізімі пайда болады, тек растағыңыз келетіндерді басыңыз. Өзіңіз растаған біреуді қайта басу арқылы растау мәртебесін жоя аласыз.

Сондай-ақ тексеруді Bot API арқылы тағайындауға және жоюға болады, әзірлеушілер үшін ақпар осында қолжетімді.

Үшінші тарап растауы нені білдіреді?

Бұл қолданушыларға олар сөйлесетін адамдарды немесе қолданатын қызметтерді тәуелсіз түрде тексеруге көмектесуге арналған. Белгілі бір чаттың мәртебесіне қатысты сұрақтарыңыз болса, қосымша ақпар алу немесе оны растаған ботқа хабарласу үшін оның бейінін ашуға болады.

Растау түсіндірмесі

Тек Telegram чаттарға ресми растау таңбасын (көк құсбелгі) бере алады. Үшінші тарап растаушылары мүлдем басқа таңбаларды қолданады.