Анимациялы фон

Read the original announcement in English
Анимациялы фон және т.б.

Топтық бейне қоңырауларға қосымша, бұл жаңарту анимациялы фон мен хат жіберу анимациясын, сондай-ақ ботқа арналған жаңа мәзір батырмасын, стикерді импорттаудың жаңа тәсілін, тіркелгіңізді қауіпсіз сақтауға көмектесетін ескертулерді және т.б. қосады.

Анимациялы фон

Чатқа арналған анимациялы фонмен танысыңыз, мессенджерде алғаш рет! Бұл көптүсті градиентті тұсқағаздар алгоритмдік түрде жасалады және әр хат жіберген сайын әдемі қозғалады.

Дизайнерлеріміз бұл жатық әрі қуатты үнемдейтін анимацияларды барлық әдепкі тақырыпқа қосты.

Қосымша анимациялы фонды баптаудан таба аласыз. Android: Чат → Чат тұсқағазын өзгерту. iOS: Кейіп → Чат тұсқағазы.

Фон жасау және бөлісу

Әдепкі теңшеулер жеткіліксіз болса, өзіңіздің анимациялы фонды оңай жасай аласыз. Анимацияны ашу үшін үш немесе төрт түсті таңдаңыз, содан кейін қосымша стиль үшін үлгі қосыңыз.

Дайын болғанда анимациялы тұсқағазыңызды досыңыз және отбасыңызбен бөлісіп, олардың хат алмасу тәжірибесін жаңа деңгейге көтеріңіз.

Хат жіберу анимациясы

Стикер мен эмоджи енді пернетақтадан чатқа жеңіл анимациямен секіріп түседі, батареяға әсер етпей.

iOS-та бұл тіркеме тақтасынан жіберілетін медиаға, тіпті мәтінге де қолданылады. Терген мәтін біртіндеп хат бауырсағына айналып, чатқа ұшады.

iOS: Жартылай мөлдірлік пен жаңа қолданба таңбасы

iOS-та фондар енді чаттағы жоғарғы және төменгі бөліктер арқылы жартылай көрінеді, бетбейнеге жаңа сәнді көрініс береді.

Екі жаңа градиентті қолданба таңбасы Баптау → Кейіп бөлімінде қолжетімді, классикалық көк және қара нұсқаларға қосымша:

iOS-тағы екі жаңа қолданба таңбасы

Сонымен қатар iOS-та баптау мәзірінің төменгі жағында Telegram кеңесшісі батырмасы қосылды, ол Telegram Tips арнасын ашады. Кеңестер 10 тілде қолжетімді, соның ішінде жаңа қосылған түрік нұсқасы.

Бұл батырма Android-та бұрыннан бар, оны бүйір мәзірінен таба аласыз.

Жаңа сеанс жайлы ескерту

Telegram-дағы телефон нөміріңізді жаңартып отыру маңызды, сонда әрқашан тіркелгіңізге кіре аласыз. Нөміріңіз өзгерсе, оны iOS-тағы баптауда жаңа ескерту арқылы тез жаңарта аласыз.

Телефон нөміріңізді жаңартып отыру жайлы ескеру

Android қолданушылары бұл ескертуді келесі жаңартуда алады, әзірге олар баптауда нөмірін басу арқылы жаңарта алады.

Барлық платформадағы қолданушылар екі сатылы растау баптауы өзгерген сайын Telegram-нан мәлімдеме алады.

Telegram-дағы екі сатылы растау сізге қосымша құпиясөз орнатуға мүмкіндік береді, оны әр кіргенде енгізу керек болады.

Бот мәзірі

Ботпен сөйлесуді жеңілдету үшін біз арнайы мәзір батырмасын қостық, ол пәрмендерді қарап шығуға және жіберуге мүмкіндік береді. Боттар енгізу өрісіндегі толтырғыш мәтінді өзгерте алады, осылайша сіз қандай хат күтілетінін жақсырақ түсінесіз.

Бот әзірлеушілері енді қолданушының бетбейне тілін және чат түрін негізге ала отырып өзгеретін командалар жасай алады, сондай-ақ тек белгілі бір чатта немесе әкімшіге көрінетін арнайы пәрмендер қоса алады.

Бот API құжаттамасында көбірек ақпарат таба аласыз.

Стикерді импорттау

@stickers боты жаңа стикер жинағын жасауға және стикеріңіздің қолданылу статистикасын алуға көмектеседі.

Бүгін біз үшінші тарап әзірлеушілеріне адамдарға жаңа бірегей стикерлерді жасауға және оларды Telegram-ға бір басумен импорттауға көмектесетін қолданбалар жасауға арналған құралдарды ұсынамыз.

Қолданушыларға стикер жасауға және оларды Telegram-да жариялауға көмектесетін қолданбаларды жасауға қызығушылық танытқан әзірлеуші болсаңыз, жаңа стикерді импорттау нұсқаулығын көріңіз.

Жай ғана Telegram қолданушылары сіз жасаған стикерлерді орнатқанын қаласаңыз, ешқандай қолданба қажет емес! Стикеріңізді ботымыз арқылы жүктеңіз, содан кейін топтамаңыздың сілтемесін бөлісіңіз.

Жаңа анимациялы эмоджи

Бұл жаңарту қозғалысқа арналған, сондықтан біз жаңа анимациялы эмоджилерсіз өте алмадық. Әдеттегідей чатқа бір эмоджиі бар хат жіберсеңіз, ол анимациялы түрде көрінеді:

Жаңа мүмкіндіктерді байқап көретін уақыт келді, сіз сұраған нәрселерді дамыта береміз, сонымен қатар ойымыздағы бірнеше тосын сыйды да қосамыз. Күте тұрыңыз.

Топтық бейне қоңыраулар жайлы әлі оқымаған болсаңыз, жалғастырып оқыңыз.


2021 жылы 25 маусым
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар