Telegram Desktop-қа ықшам режім қосылды

Read the original announcement in English

Windows, OSX және Linux жүйелеріне арналған ресми Telegram қолданбасы енді ықшам режімде қолжетімді, терезенің өлшемін өзгертіп, тек бір ғана баған қалатындай етіп кішірейте аласыз. Бұл Telegram-ды экран өлшемі шағын компьютер не ноутбук құрылғыларында қолдануды жеңілдетеді.

Telegram Desktop нұсқасын desktop.telegram.org сайтынан жүктей аласыз. Өткен аптадан бастап бұл қолданба біздің OSX қолданбасымен қатар Mac AppStore ішінде де қолжетімді.

Компьютерде тіркелу үшін телефон нөміріңізді енгізіп, Telegram арқылы телефоныңызға келетін кодты қолданыңыз. Құпия чаттарды қоспағанда, барлық хатыңыз құрылғыларыңыздың арасында бірден үйлестіріледі, сондықтан қай құрылғыда тоқтасаңыз, соны басқа құрылғыда жалғастыра аласыз.


22 желтоқсан
Telegram командасы

أخبار أخرى