Read the original announcement in English
Жаңарту: енді чат бумаларыңызды достарыңызбен, әріптестеріңізбен немесе жазылушыларыңызбен бір сілтеме жіберу арқылы бөлісе аласыз.
Көптеген қолданушылар Telegram-ды жұмысқа және оқуға қолданады, әсіресе соңғы апталарда. Барлық чат тізімі артық жүктемені көтере алуы және маңызды хаттарды жіберіп алмауы үшін біз бүгін чат бумарын енгізіп отырмыз.
Сізде чаттар тым көп болса, енді көңіл көтеруді жұмыстан, отбасы істерін мектеп істерінен бөле аласыз, содан кейін қойындылар арасында сырғытып, кез келген чатыңызға тез қол жеткізе аласыз.
Белгілі бір түрдегі барлық чатты қосуға немесе алып тастай аласыз, мысалы: арналар немесе жаңа, немесе бір-бірлеп.
Бумалар бетбейнеде чат тізіміңіз тым ұзарып, ретсіз бола бастағанда қолжетімді болады. Балама ретінде қолданбада мына сілтемені қолданып, чат бумаларын қосуға болады.
Әрбір бумаңызда қалағаныңызша бекітілген чаттар болуы мүмкін.
Чат бумалары кейбір чаттарды көрінетін етуге жақсы. Кейбір чаттарды жасырғыңыз келсе, оларды мұрағаттауға болады.
Чатты мұрағатталған чаттар бумасына көшіру үшін солға сырғытыңыз. Мұрағатталған чатқа хат келсе, ол бумадан шығып, қайтадан чат тізіміне оралады. Үнсіз чаттар мәңгі мұрағатта қалады.
Мұрағатты жасыру үшін оны солға сырғытыңыз. Қайта көру үшін экранды төмен тартыңыз.
Android-та бумаларды қолданып жүрсеңіз, мұрағаттау үшін сырғыту жұмыс істемейді. Оның орнына чатқа ұзақ басып, әрекеттер мәзірін ашып, онда бірнеше чатты таңдап, оларды бірден бекітуге, үнсіз етуге, мұрағаттауға немесе жоюға болады.
Telegram-дағы барлық нәрсе сияқты (құпия чаттардан басқа), чат бумалары барлық қосылған қолданбыңызға, соның ішінде біздің Desktop қолданбаларымызға өздігінен үйлестіріледі.
Компьютер экранында қосымша орын болғандықтан, біз қапшықтарға арналған бүйір тақтаны қостық, сондай-ақ бумаларыңызды тануға ыңғайлы болу үшін бірнеше таңбаларды енгіздік.
Мультиплатформалы Telegram Desktop немесе арнайы macOS қолданбасын жүктеп алыңыз. Оларды қолданбасаңыз, Telegram-ның жартысын ғана қолданып жүрсіз.
Бұл ақпармен сіз не жұмыс істеп тұрғанын және не өте жақсы жұмыс істеп тұрғанын біле аласыз. Кеңес: Мысық суреттері.
Дизайнерлеріміз сіз дауысхат не бейнехат жазғанда саусағыңыздың астына әдемі толқынды анимациялар қосты.
Бүгінгі кеңес: Саусағыңызды жоғары сырғытып, жазуды құлыптап, батырманы ұстамай сөйлей беруге болатынын білдіңіз бе?
Біздің анимациялы эмоджи армиясына соңғы қосымшалар сізге батыл болуға және достарыңызды қауіпсіз әрі сау болуға шақыруға көмектеседі.
,
,
,
,
,
,
,
,
,
немесе
эмоджилерін кез келген чатқа жіберіп көріңіз.
Көптеген стикер жинақтарымыз да қазіргі жағдайға қатысты бірдеңе айтады. Кез келген чатқа
теріп, ұсыныстарды күтіңіз:
Әлем карантинде болғанда Catan немесе D&D серіктестеріңізді сағындыңыз ба? Кез келген чатқа
жіберіп, анимациялы сүйек арқылы расталған кездейсоқ сан алыңыз.
Бақытыңызды сынаудан бөлек, оны топтық сауалнама немесе достық пікірталас тең дауысқа келгенде шешуші фактор ретінде қолдана аласыз.
Үйде қалыңыз, қауіпсіздікте болыңыз және келесі жаңартуларымызды күтіңіз!
2020 жылы 30 наурыз,
Telegram командасы