Инлайн-боттарды таныстыру

Read the original announcement in English

Боттар көптеген қолданушылар үшін Telegram-ның ажырамас бөлігіне айналды, бірақ олармен байланысу әрқашан оңай болмаған. Оларға бөлек чаттарда хат жіберу немесе топтарыңызға қосу керек болды. Бүгін біз боттармен байланысудың жылдамырақ жолын ұсынамыз.

Жаңа инлайн режімінде кең таралған боттарды кез келген чатта, топта немесе арнада құрал ретінде қолдана аласыз. Инлайн-боттар сізге тиісті GIF-терді, ғаламтордан суреттерді, YouTube бейнелерін, Wikipedia мақалаларын және т.б. жылдам жіберу сияқты ондаған түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесе алады.

Қалай жұмыс істейді?

Сіз қолданып көре алатын бірнеше бот үлгісін жасадық: @gif, @vid, @pic, @bing, @wiki, @imdb және @bold. Олардың жұмысын көру үшін кез келген чаттың хат енгізу өрісіне олардың @қолданушы аттарын енгізіп, бірнеше сөздерді енгізіңіз. Бот тиісті контентті ұсынады.


Элементті чатқа бірден жіберу үшін оны басыңыз. Осылайша боттардан ақпаратты кедергісіз бөлісе аласыз. Инлайн-боттар чаттарда ешқандай хаттарды көрмейді, олар тек хат енгізу өрісінде қолданушы атынан кейін тергеніңізді ғана алады.


Ботқа жаңа сұраныс жіберу үшін «@қоланушы атын» басыңыз. Кез келген чаттағы хат енгізу өрісінде @ таңбасын енгізгенде жақында қолданылған инлайн-боттар да ұсыныстар өрісінде пайда болады.

Боттарға арналған жаңа өлшем

Telegram-дағы барлық нәрсе сияқты, инлайн-боттар ашық платформаның бөлігі, бүгіннен бастап әлемдегі барлық әзірлеуші үшін тегін қолжетімді. Әзірлеушілер жаңа режімді қолдай бастаған кезде жүздеген жаңа инлайн-боттар пайда болатыны сөзсіз.

Әзірлеуші болсаңыз, инлайн боттарға кіріспе бөлімін қараңыз. Сондай-ақ платформа жаңалықтарынан хабардар болу үшін ресми арнамызға @BotNews жазыла аласыз.


Telegram командасы,
2016 жылы 4 қаңтар

أخبار أخرى

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 فبراير، 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 يناير، 2026

Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын…
12 ديسمبر، 2025

Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда хикая ішінде чатпен бірге эфирді бастай аласыз. Бұған қоса, қайталанатын жоспарланған хаттар, жаңа сыйлықтар үшін әділ…
19 نوفمبر، 2025