Сілтеме көрінісі

Read the original announcement in English

Жаңа қауіпсіздік мүмкіндіктерімен қатар, бүгінгі жаңарту сізге бай сілтеме көрінісін ұсынады. Енді твиттерге, Instagram фотоларына және YouTube бейнелеріне сілтемелер әдемі түрде көрсетіліп, ашпай тұрып-ақ оның мазмұнын көре аласыз.

URL мекенжайын хат енгізу өрісіне қойсаңыз, Telegram сілтемені талдап, алдын ала көрінісін шығарады. Белгілі бір хатты алдын ала көрініссіз жібергіңіз келсе, X батырмасын басып, оны алып тастаңыз.



Бай сілтеме көріністері енді көпшілік сайттарда көрсетіледі


2015 жылы 8 сәуір
Telegram командасы

أخبار أخرى