Telegram төлқұжат

Read the original announcement in English

Біздің цифрлық өміріміз шынайы әлемге барған сайын жақындап келеді, ал нақты жеке басыңызды білуді қажет ететін қызметтердің саны да артып отыр. Бұған дейін әр жаңа қосымша үшін бірдей құжат сканерлерін қайта-қайта жүктеу керек болатын. Енді олай емес!

Танысыңыз Telegram төлқұжат: жеке басын растауды талап ететін қызметтерге арналған бірыңғай авторизация әдісі. Құжаттарыңызды бір рет жүктеңіз де, содан кейін оларды нақты ID қажет ететін қызметтермен (қаржы, ICO және т.б.) бірден бөлісе аласыз.

End-to-End шифрлаумен қорғалған

Жеке құжаттарыңыз бен деректеріңіз Telegram бұлтынды End-to-End шифрлау арқылы сақталады. Ол тек сіз білетін құпиясөзбен шифрланған, сондықтан Telegram сіздің Telegram төлқұжатта сақтаған деректеріңізге қол жеткізе алмайды. Деректерді бөліскенде, ол тікелей алушыға жеткізіледі.

Қосымшаға деректерді бөлісу

Болашақта барлық Telegram Passport деректері орталықтанбаған бұлтқа көшіріледі.

Қазір байқап көріңіз

Telegram төлқұжаттың нақты іске асырылуын көру үшін ePayments.com сайтына кіріңіз, Telegram төлқұжат арқылы тіркеу мен тексеруді қолдаған алғашқы электронды төлем жүйесі.

Сондай-ақ мына бетте деректерді сұрау арқылы Telegram төлқұжат қалай жұмыс істейтінін байқап көре аласыз.

Бұл мүмкіндікті қолдану үшін Telegram-ның соңғы нұсқасы қажет екенін ескеріңіз. Құжаттарды жүктегеннен кейін, деректеріңізді Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Telegram төлқұжат бөлімінен көре аласыз (iOS-та: Баптау → Telegram төлқұжат).

Telegram төлқұжатты қосу

Барлық әзірлеуші өз қолданбалары мен қызметтеріне Telegram төлқұжатты тегін біріктіре алады. Бұл аз ғана күшті қажет етеді және көптеген сағаттық код жазудан құтқарады.

Нақты ID талап ететін қызмет жасап жатсаңыз, SDK және мысалдар үшін API құжаттамасын оқып шығыңыз.

Күтіңіз

Болашақта біз Telegram төлқұжат үшін үшінші тарап растауын енгіземіз. Осылайша қызметтер деректерді сұрамай-ақ, Telegram тіркелгі растау жүйесі арқылы расталғанына және адамның шынайы екеніне сүйене алады.


2018 жылы 26 шілде
Telegram командасы

سایر خبرها

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 فوریه، 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 ژانویه ، 2026

Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын…
12 دسامبر، 2025

Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда хикая ішінде чатпен бірге эфирді бастай аласыз. Бұған қоса, қайталанатын жоспарланған хаттар, жаңа сыйлықтар үшін әділ…
19 نوامبر، 2025