Read the original announcement in English
Стикерсіз немесе GIF-сіз бірлестік жүргізгіңіз келген бе? Енді топ рұқсаттары арқылы әкімшілер барлық мүшеге белгілі бір контент түрін жариялауға тыйым сала алады. Тіпті мүшелерге мүлде хат жіберуге шектеу қойып, тек әкімшілердің өзара сөйлесуіне мүмкіндік беруге болады, ал қалғандары олардың даналығын үнсіз тамашалайды.
100,000 мүшесі бар топта жалғыз сезінген болсаңыз, Telegram топтары енді 200,000 мүшеге дейін қолдайды, сондықтан енді өзіңізді екі есе жалғыз сезіне аласыз
. Топтарды басқаруды қызықты ету үшін біз барлық топ бетбейнесін жеңілдеттік: баптау экраны, әкімші тақтасы және мүше тізімі.
Бүгіннен бастап супертоптар мен қарапайым топтар жай ғана топтар болып аталады. Енді кез келген топты бірнеше басумен жария етуге, әкімшілерге нақты артықшылық беруге немесе тұрақты тарихты қосуға болады.
Кассель қаласының көлеміндей топтарды басқарудан ләззат алыңыз!
Қателесіп чат жою жақсы емес, бірақ енді қайта ойлануға мүмкіндік бар.
Чатты немесе чат тарихын жойғанда, егжей-тегжейлі растау диалогы шығады және келесі 5 секунд ішінде чатты қалпына келтіру мүмкіндігі беріледі. Уақыт біткен соң, чат Telegram-ның жер астындағы деректерді жою жүйесінде қайтарылмайтын түрде жоғалады.
Оқуыңызда «Мен үй тапсырмам бар чатты кездейсоқ жойып алдым» дегенге сүйеніп жүрсеңіз, кешірім сұраймыз. Енді кінәні «цифрлық итіңізге» артуға тура келеді.
Адамдарды басқару тақырыбына қайта оралсақ, енді контактілерді аты және соңғы көріну уақыты бойынша сұрыптауға болады. iOS пен Android жүйесінде.
Үлкен медиа жүктеулерінің аяқталуын күту «Интернеттегі ең қызықты істердің» тізімінде ең төменгі орында тұр. Біз бұл үдерісті сәл қызықты ету үшін анимация алгоритмдерін жақсарттық және әр сурет пен бейнеге өте жеңіл нобай қостық:
Енді әр сурет бос шаршының орнына бұлыңғыр бейнеден басталады. Бұл әдемі емес пе?
iOS-тағы іздеу жолақғы және Android-тағы әдепкі түнгі режім тақырыбы жаңартылды. Android қолданбасы енді тіркелгі жасағанда бейін суретін орнатуға мүмкіндік береді, сондықтан енді достарыңыздың келбетін жиі көресіз.
Жаңа топ рұқсаттары Telegram Desktop жүйесінде де жұмыс істейді. Сонымен қатар 1.5.8 нұсқасы файл мен музыканы өздігінен жүктеуді, сондай-ақ Telegram қоңыраулары үшін кіріс және шығыс құрылғыларын таңдауды қолдайды.
Енді эмоджи шайқасына кірмес бұрын визуалды өзгерте аласыз:
Тағы бір керемет Telegram жаңартуы бір-екі апта ішінде келеді, сондықтан КҮТІҢІЗ!
2019 жылы 21 қаңтар
Telegram командасы