Сауалнама: бірлестіктерге таңдауды ұсыну

Read the original announcement in English

Telegram-дағы үлкен бірлестіктер жиі сауалнамаларды іс-шараларды үйлестіру және мүшелермен байланыста болу үшін қолданады. Бүгін біз @vote сияқты бар боттарға қосымша ретінде сауалнамаларға арналған арнайы құралды іске қосып отырмыз. Жаңа кіріктірілген сауалнамалар 100 000 мүшесі бар топтарға және миллиондаған жазылушысы бар арналарға пайдалы болады деп үміттенеміз.

Сауалнамаларды жөнелте аласыз, бұл қамтуды арттырады, ал бекіту оларды көрінімді етеді (және бірлестіктегі барлық мүшеге хабар береді).

Қазіргі уақытта сауалнамалар анонимді, яғни кімнің қай нұсқаға дауыс бергенін ешкім көре алмайды. Болашақта дауыс берушілер тізімі ашық болатын сауалнамалар енгізілуі мүмкін, бірақ олар міндетті түрде «анонимді емес» деп белгіленеді.

Telegram құпиялығыңызды қорғайды: біз сіз тапсырған жеке деректерді ешқашан үшінші тараптарға ашпаймыз және ешқашан ақша табу үшін қолданбаймыз.


iOS-тағы сурет іздеу және басқа да жақсартулар

Күнделікті қолдануға қатысты жаңалықтар: енді iOS қолданбасында сурет пен бейне тіркемелерін жібергенде немесе бейін суретін таңдағанда желіден іздеу арқылы суреттерді қайта іздей аласыз.

The Great iOS Bug Hunt жалғасуда, ал қосымшаның 5.1.1 нұсқасында көптеген түзетулер жасалды.

Жақсартулардың кейбірі:

  • Баптау → Дерек пен жады → Жадтың жұмсалуы бөлімінде кәшті тазалау енді қолданбаның алатын орнын нақты азайтады.
  • Қолданбаны жапқаннан кейін де файлдар мен медиалар біраз уақыт бойы жүктеп алуды жалғастырады.
  • Файлдарды жүктеп алу және жүктеп салу кезінде нақты үдерісі көрінеді.
  • Іздеу нәтижесіндегі «Адамдар» бөлімінде желіде индикаторлар қосылды.

Қысқы күн тоқырауы құтты болсын!


2018 жылы 22 желтоқсан
Telegram командасы