Топтық чаттар: жауаптар, атап өтулер, хештегтер және т.б.

Read the original announcement in English

Топ чаттары мессенджерлерде пайда болғаннан бері айтарлықтай дамыған жоқ. Бүгінгі жаңа мүмкіндіктер топ чатындағы қарым-қатынасты 2015 жылғы деңгейге сай қандай болуы тиіс болса, соған едәуір жақындатады. Ең алдымен бұл жаңартулар iOS, Android, OSX және Telegram Web үшін шығады.

Жауаптар

Топ чатында белгілі бір хатқа жауап беру үшін, жай ғана сол хатты түртіңіз (iOS-та қос рет түртіңіз) және «Жауап» таңдаңыз. Оп-оңай!


Кімге жауап берсеңіз, сол қолданушы хатыңыз жайлы мәлімдеме алады, тіпті ол топ чатында үнсіз режімге қойып қойғанның өзінде, бұл жағдайда сол қолданушының сізге қатысты жеке мәлімдеме баптауы қолданылады.

Жауаптар топ чатында шарлауды да жеңілдетеді. Дәйексөзге түртсеңіз, қолданба бастапқы хат тұрған жерге жылжиды.

Атап өту

Топ чатындағы бірнеше адамды бірден әңгімеге тартқыңыз келсе, енді хатыңызда оларды қолданушы атымен атап өте аласыз.


Олар бұл хат жайлы мәлімдеме алады, тіпті топ чатындағы үнсіз режімге қойған болса да, әрине, сізді жеке өзі үнсіз режімге қоймаған болса!

Хештегтер

Топ чатына құрылым берудің тағы бір жолы — хештегтер қолдану. «#» таңбасынан басталатын кез келген сөз басылатын сілтеме болады. Хештегке түртсеңіз, Telegram ішіндегі хаттарыңыздан жедел іздеу нәтижелерін көресіз.

Пікір қосып жөнелту

Оған қоса, енді қайта жіберетін контентке пікір қоса аласыз. Бұл пікір қайта жіберілген хаттардың алдында көрсетіледі.


Топ чаттары барған сайын үлкейіп, белсендірек бола түсуде, бір Telegram тобына күніне мыңдаған хат алмасатын 200-ге дейін мүше сыяды. Осы жаңа құралдар өсу үстіндегі топтағы «шатақ-шулы» ағынға рет пен айқындық әкелуге көмектеседі деп үміттенеміз.


2015 жылы 19 наурыз
Telegram командасы