Белсенді сеанс пен екі сатылы растау

Read the original announcement in English

Telegram-ды көп құрылғыда бір уақытта қолдануға ыңғайлы үйлестіру үшін жақсы көретініңізді білеміз. Әрі барлық негізгі ұялы, планшет және компьютерлік жүйелерге арналған Telegram қолданбалары бар болғандықтан, көптеген адамдар бір уақытта бірнеше құрылғыдан өз тіркелгілеріне кіріп отыр.

Бүгінгі Telegram жаңартуы бай сілтеме көріністерімен қатар, құпиялық пен қауіпсіздік баптауларына белсенді сеанстарды қосты. Бұл экранда сіз кірген барлық құрылғы IP ақпарымен бірге көрсетіледі. Сондай-ақ ескірген немесе (Тәңір сақтасын!) күдікті сеанстарды жаба аласыз.

Екі сатылы растау

Құпиялық пен қауіпсіздік бөліміне тағы бір қосымша енгіздік, ол екі сатылы растау. Бұл мүмкіндік жаңа құрылғыдан тіркелгіңізге кірген сайын SMS арқылы келетін кодтан бөлек, қосымша құпиясөз орнатуға мүмкіндік береді.

Абай болыңыз: бұл құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, басқа құрылғылардан хаттарыңызға кіре алмайсыз. Сондықтан екі сатылы растауды қосқыңыз келсе, қалпына келтіру үшін электронды пошта немесе кем дегенде құпиясөзге арналған тұспал орнатуды ұсынамыз.



Аман болыңыз!


2015 жылы 8 сәуір
Telegram командасы

أخبار أخرى