Ортақ файл және жылдам үнсіз қылу

Read the original announcement in English

Telegram-ның басқа кез келген құралға қарағанда артықшылықтарының бірі — ірі құжаттармен бөлісу. 2013 жылдан бері Telegram-да көлемі 1,5 ГБ-қа дейінгі файлдар жіберіп, оларды компьютерлерді қоса алғанда, кез келген құрылғыңыздан аша аласыз. Бұл оқу үшін де, жеке мұрағаттармен бөлісу үшін де мінсіз шешім.

Осы iOS және Android жаңартуы үшін «Ортақ медиа» бөлімі толығымен қайта жасалды. Енді чаттағы барлық құжатты көру үшін «Файл» шолуын қолдана аласыз. Сонымен қатар жедел іздеу көмегімен нақты файлдарды таба аласыз.




Telegram ішінде алған кез келген құжатты электронды поштаға немесе басқа қолданбаларға жөнелтуге болады, ол үшін файлды ашып, «Бөлісу» батырмасын басыңыз. Бұдан бөлек, Android қолданушылары файлдың мәзірінде (чаттағы файлдың жанындағы «…» батырмасын түрту арқылы) «Бөлісу» опциясын таба алады.

iOS қолданушыларына арналған бонус: Telegram енді iOS8 жүйесінде бөлісу мәзірі қолжетімді, оны iOS құрылғыңызда кез келген құжатты қарап жатқан кезде аша аласыз.

Мәлімдемелерді үнсіз қылу

Енді белгілі бір контактіден немесе топтан келетін мәлімдемелерді 1 сағатқа, 8 сағатқа немесе 2 күнге уақытша үнсіз режімге қоя аласыз. Android-та чат ішіндегі «…» мәзірін ашып, «Үнсіз» тармағын таңдаңыз. iOS-та топ немесе контакт ақпарына өтіп, Мәлімдеме тармағын басыңыз. iOS8 қолданушылары енді интерактивті мәлімдемелерді қолданып, контакт немесе топты 8 сағатқа үнсіз режімге қоя алады.




Мультиіздеу

Дұрыс іздеу өрісін іздеудің қажеті жоқ: жаңа әмбебап іздеу жолағына сұрауыңызды енгізсеңіз жеткілікті, бірден нәтижелер аласыз: контактілер, чаттар, топтар, қолданушы аттары немесе хаттар.



2015 жылы 1 ақпан
Telegram командасы