Read the original announcement in English

Хикая – бұл жаңа, құпиялықты бірінші орынға қоятын көзқарас, ол шығармашылық медиа нұсқаларымен толтырылған, кез келген адамға өз өмірінің сәттерін қолданушылардың жеке тізімдерімен бөлісуге, толық статистиканы көруге және күшті құралдарды ашуға мүмкіндік береді.
Әдепкі бойынша сізге көруге рұқсат етілген контактілеріңіздің барлық хикаясы чат тізімінің басында көрінеді. Оны кеңейту үшін төмен сырғытып, барлық хикаяны айналдыра аласыз. Біреудің хикаясын ашу үшін жай ғана оның суретін басыңыз.
Сондай-ақ басқа Telegram қолданушыларының хикаясын көре аласыз. Белсенді көрінетін хикаясы бар кез келген адамның бейін суретінің айналасында сақинасы болады, мысалы: чат тізімінде, олардың бейінінде және топтардағы мүшелер тізімінде.
Хикаяны көру кезінде экраныңыздың оң және сол жақтарын басып, алға және артқа өтуіңізге болады немесе басқа қолданушының хикаяларын көру үшін оңға және солға сырғытыңыз.
Белгілі бір адамның хикаясын экраныңыздың жоғарғы жағынан оларды бұғаттамай немесе контактілеріңізден жоймай жасырмақ болсаңыз, жай ғана оның оқиғасын алдын ала көруді басып тұрыңыз және «Жасыруды» таңдаңыз, оның орнына жасырылған хикаялар сіздің мұрағатыңызда көрінеді.
Бұл әрекетті кері қайтару үшін мұрағатыңызды ашып, олардың хикаясын алдын ала көріп, «Көрсету» батырмасын басыңыз. Қарастырылып отырған қолданушының чаты мұрағатқа көшірілмейтінін ескеріңіз және олар өз хикаяларын мұрағаттағаныңызды білмейді.
Әдепкі бойынша сіз жиі сөйлесетін 5 контактіден жаңа хикаялар жайлы мәлімдеме аласыз. Олардың хикаяларының бірін қарап, немесе
батырмасын басып және «Мәлімдеу» таңдап, кез келген қолданушы үшін мәлімдемені қолмен қосуға немесе өшіруге болады.
Жеке қолданушылар немесе топтар үшін айрықшалықты қосу арқылы мәлімдеме баптауыңызды толығымен өзгертуге болады.
Біреудің хикаясын көру кезінде жүрек таңбасын басу немесе мәтін өрісінен жеке жауап беру арқылы оған оңай реакция білдіре аласыз, жасырын режім қосылған болса да, бұл екі әрекет те сізді көруші тізіміне қосатынын есте сақтаңыз.
Жүрек таңбасын басудың орнына оны ұстап тұрып, жүздеген әртүрлі реакцияны жібере аласыз.
Чат тізімінде [+] батырмасын (iOS) немесе камера таңбасын (Android) басып, хикаяны сурет немесе бейне арқылы жасай аласыз, оны галереядан немесе қолданбадағы камерадан аласыз.
Галереяңыздан бірнеше суретті бір хикаяға қосуға болады, өңдегіштегі стикерлер тақтасын ашып, төменгі бұрыштағы сурет таңбасын басыңыз. Сол жерде вебтен де сурет іздей аласыз.
Хикая жасау кезінде суретке түсіру үшін басуға, бейне жазу үшін саусағыңызды басып тұруға болады. Жазып жатқанда жазуды құлыптау үшін солға сырғытыңыз, үлкейту үшін жоғары сырғытыңыз немесе камераларды ауыстыру үшін оңға сырғытыңыз.
Telegram құрылғыңыздың алдыңғы және артқы камералары арқылы бір мезетті кез келген бұрыштан түсіруге мүмкіндік береді.
Бір камерадан түсірілген кадрлар экранды толтырады, ал екінші камера шағын шеңбер түрінде орналасады, оны кез келген орынға ауыстыруға болады. Тіпті жазып жатқанда да қай камера қайда баратынын таңдау үшін батырманы баса аласыз.
Қос камера режімі оны қолдайтын жеткілікті қуатты таңдалған құрылғыларда ғана қолжетімді.
Хикаялар Telegram-ның қуатты медиа өңдегішін қолданады, бұл сізге жарықтық, контраст және қанықтылық сияқты теңшеулерді түзетуге немесе стикерлер, GIF-тер, мәтін және орын тегтерін қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ галереяңыздан немесе тікелей веб-сайттан бірнеше сурет қоса аласыз. Ол үшін өңдегіштегі стикерлер тақтасын ашып, төменгі сол жақ бұрыштағы сурет таңбасын басыңыз, сол жерден қолданыстағы суретті таңдаңыз немесе жоғарғы оң жақ бұрыштағы іздеу таңбасын пайдаланып, желіден жаңа суретті табыңыз.
Хикаяда жеке өріс бар тек мәтін үшін, онда сіз контентіңізді жаппай, көбірек мәнмәтін қоса аласыз. Сипаттамалар @атап өту мен сілтемені қолдайды, сондықтан достарыңызды тегтеп немесе веб-сайттармен бөлісе аласыз.
Сипаттамалар 200 таңбадан аспауы керек. Premium қолданушылары 2048 таңбаға дейінгі 10 есе ұзын сипаттамаларды ашады.
Хикая жариялаған кезде сіз 4 құпиялық баптауының біреуін таңдай аласыз: Бәрі, Контактім, Жақын достар және Таңдаулы. Әрбір теңшеуді толықтай баптау мүмкін, бұл сізге жеке қолданушыларды қосу немесе шығарып тастау, сондай-ақ топтық чаттарды қосуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар сіз қандай құпиялық баптауын таңдағаныңызға қарамастан, хикаяңызды ешқашан көрмейтін қолданушылардың тізімін таңдай аласыз. Осылайша кейбір қызметкерлер немесе отбасы мүшелері кездейсоқ шытырман хикаяңызға бейім екеніңізді байқамай қалады. ![]()
Құпиялық мәзірінде сіз сонымен қатар скриншот сақтауға тыйым салу немесе рұқсат беруді таңдай аласыз. Скриншотқа рұқсат өшіру сонымен қатар көрермендер хикаяны сақтау немесе бөлісу үшін қолдана алатын кез келген Telegram бетбейнесін жасырады.
Хикая 6, 12, 24 немесе 48 сағатқа созылады. Хикаяңыздың қанша уақытқа созылатынын таңдау үшін Сипаттама өрісінің шеткі жағындағы таймер таңбасын басыңыз.
Хикаяның мерзімі аяқталғаннан кейін, сіз бұл теңшеуді өшіруді таңдамасаңыз, ол әдепкі бойынша бейініңізге көшіріледі, бұл жағдайда ол тікелей хикая мұрағатыңызға барады.
Қазіргі уақытта хикаяның көрсетілім уақыты өңделмейді. Дегенмен, сіз әрқашан хикаяны жойып, оны ұзағырақ немесе қысқарақ теңшеумен қайта жариялай аласыз.
Бейініңізге әдемі торкөзге орналастырылған хикаяларды жариялауды таңдай аласыз, онда ескі контактілер де, жаңа контактілер де сіздің басты сәттер жинағыңызды қалаған уақытқа дейін көреді.
Бейініңізге жариялаған әр хикаяның жеке құпиялық баптауы бар, сондықтан белгілі бір адамдардың қайсысын көре алатынын әрқашан басқара аласыз.
Хикаяларды кез келген уақытта бейініңізге қосуға немесе алып тастауға болады. Бейініңізге мерзімі өткен хикаяны қосу үшін хикая мұрағаты бөлімін Баптау → Хикая бөлімінен ашыңыз.
Хикаяның мерзімі аяқталғаннан кейін ол сіздің Хикая мұрағатыңызға жіберіледі, онда оны қайта жариялауға, бейініңізге қосуға немесе мәңгілікке жоюға болады. Мұрағатқа кіру үшін Баптау → Хикая → → Мұрағат (iOS) немесе Баптау → Хикая → Мұрағат (Android) бөліміне өтіңіз.
Бейініңізге жариялаған кез келген хикаялар Баптау → Хикая бөлімінде де көрінеді, онда оларды қарап, басқара аласыз.
Хикаяңыздың кез келген элементін кез келген уақытта жаңартуға болады, оның көрінуін, сипаттамасын, стикерлерін немесе басқа да қосымшаларын өшіріп, басынан қайта жарияламай-ақ өзгертуге болады.
Хикаяңызды өңдеу үшін оны жариялаған құрылғыңыздан ашып,
/
→ Өңдеуді басыңыз.
Хикаяңыз белсенді болған кезде кез келген құрылғыңыздан оны кім көре алатынын өзгерте аласыз. Хикаяңызды ашу үшін басыңыз, содан кейін хикаяңыздың жоғарғы оң жақ бұрышындағы таңбаны басыңыз. Сол жерден оны 4 құпиялық баптауының кез келгеніне өзгерте аласыз: Бәрі, Контактім, Жақын достар немесе Таңдаулы.
Бейініңізге сақталған хикаяларды Баптау → Хикая бөлімінен қарап, басқара аласыз. Онда сіз кез келген оқиғаны басып, оның көруші тізімін көре аласыз, оның көрінуін өзгерте аласыз немесе оны бейініңізден жоя аласыз.
Хикаяңызды кім көргенін және қашан көргенін көру үшін оны экранның жоғарғы жағынан немесе хикая мұрағатынан Баптау → Хикая арқылы ашып, төменгі жақтағы көрілімді басыңыз.
Әдепкі бойынша бұл тізім хикая мерзімі аяқталғаннан кейін 24 сағат қолжетімсіз болады, бірақ Telegram Premium жазылушылары оны шексіз көре алады.
Реакциялар мен жалпы көрілім саны кез келген қолданушы үшін шексіз қолжетімді болатынын ескеріңіз.
Қосымша сүзгілер ұзақ тізімдерді оңай басқаруға көмектесу үшін хикаяңызды жеткілікті қолданушылар көрсе, қолжетімді болады.
Бұл сүзгілерге белгілі бір қолданушыларды табуға мүмкіндік беретін іздеу өрісі, сондай-ақ барлық көрермен мен контактілер үшін жеке қойынды кіреді. Хикаяңызға жеткілікті қолданушылар реакция білдірсе, тізімді Бірінші лүпілдер немесе Бірінші жаңалар бойынша сұрыптай аласыз.
Жасырын режімді іске қосқан қолданушылар оқиғаңызға реакция білдірмесе немесе жауап бермесе, бұл тізімде көрінбейді.
Қолданушы хикаяны ашқанда, олар хикая авторына көрінетін көруші тізімінде көрінеді. Premium қолданушылары Жасырын режімді іске қоса алады, олар соңғы 5 минутта ашқан кез келген хикаядан көрілімін өшіреді және келесі 25 минут бойы көргендерін жасырады.
Жасырын режімді іске қосу үшін кез келген хикаяны (тіпті өзіңіздікі болса да) ашып, немесе
батырмасын басып, Жасырын режімді таңдаңыз.
Жасырын режім тек Telegram Premium жазылушыларына және басқа да қуатты және айрықша мүмкіндіктерге қолжетімді.
Кез келген Telegram қолданушысы хикаяларды көріп, жариялап, өзара әрекеттесе алады. Telegram Premium жазылушылары хикаяларды барынша қолдану үшін айрықша мүмкіндіктерді ашады:
Telegram Premium-ның барлық мүмкіндігі сияқты, бұл тек бастамасы ғана - болашақ жаңартулармен одан да қуатты мүмкіндіктерді күтіңіз.