Экспорт құралы, жақсартылған мәлімдеме және т.б.

Read the original announcement in English

Бүгінгі Telegram жаңартуы сізге сөйлесулерді дискіге сақтаудың жеңіл жолын ұсынады. Бар болғаны бірнеше рет басып, кейбір (немесе барлық) чатыңызды, олардың ішіндегі суреттер мен басқа медианы қоса экспорттай аласыз. Нәтижесінде барлық дерегіңіз оффлайн режімде JSON пішімінде немесе әдемі пішімделген HTML түрінде қолжетімді болады.

Экспортталған деректер нәтижесі

Бұл мүмкіндікті қолдану үшін компьютеріңізге Telegram Desktop-тың соңғы нұсқасын орнатып, Баптау → Telegram дерегін экспорттау батырмасын басыңыз. Бұл құрал миллиондаған хаттары бар және чаттар тарихының ең ескі бөліктеріне оңай жете алмайтын қолданушылар үшін өте пайдалы.

Жеке чаттарды экспорттау үшін кез келген чаттағы мәзірін ашып, Экспорт таңдаңыз.

Мәлімдемеде айрықшалықтары

Telegram қолданушыларына мәлімдемелерді баптауда үлкен икемділік берген алғашқы қолданба болды. Бүгін біз бұны одан әрі дамытып, мәлімдеме баптауына айрықшалық қостық. Бұл бөлімде сіз Баптау → Мәлімдеме арқылы орнатқан жалпы баптаудан шығарылған чаттарды көре аласыз.

Мәлімдемеде айрықшалықтары

Барлық чатты үнсіз етіп, тек бірнешеуін қалдыру (немесе керісінше) енді бұрынғыдан да жеңіл.

Жақсартылған Telegram төлқұжат

Telegram төлқұжат – нақты жеке басын қажет ететін үшінші тарап қолданбаларына кіруге арналған құрал, қолданушылар тарапынан үлкен қолдау тапты. Іске қосылғаннан кейін небәрі екі апта ішінде Төлқұжат көптеген қызметтерге тіркелу үшін қолданылатын болды: танымал ортақ тұтыну экономикасы қызметтерінен бастап блокчейн стартаптарына дейін.

Telegram Passport-ты біріктірген жобалардың кейбірі: Sum & Substance (KYC & user verification), CEX.IO және a href="https://xena.exchange/" target="blank">Xena (криптовалюта биржалары), CryptoPay (әмиян), YouDrive (каршериң), Profi және Worki (жұмыс алаңдары), Minter Network және Minexcoin (блокчейн стартаптары), KICKICO, Cryptonomos және ICOadmin (ICO платформалары).

Осы жетістікке сүйене отырып, бүгін біз Төлқұжатты түпнұсқа тілдердегі есімдерді және қосымша құжат түрлерін қолдауға жаңартып отырмыз. Сондай-ақ Төлқұжат деректерін шифрлайтын алгоритмдерді күшейттік, бұл Telegram тарапынан болуы мүмкін (өте ықтимал емес) хакерлік шабуылдарға қарсы деректеріңізді жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді. Осылайша біз тек жеке деректеріңізге қол жеткізе алатыныңызды одан әрі қамтамасыз етеміз.

Бастапқы код және API

Әрқашан шифрлауымыз қалай жұмыс істейтініне сенудің қажеті жоқ. Telegram қолданбаларының бүгінгі өзгерістерді көрсететін жаңартылған бастапқы коды GitHub-та қолжетімді және кез келген адамға қарауға ашық. Сіз жеке басын растауды қажет ететін қызмет әзірлеушісі болсаңыз, Telegram төлқұжатты қолданбаңызға қалай біріктіруге болатынын түсіндіретін құжаттаманы міндетті түрде оқып шығыңыз.


2018 жылы 27 тамыз
Telegram командасы

Інші новини

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 лютого 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 січня 2026

Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын…
12 грудня 2025

Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда хикая ішінде чатпен бірге эфирді бастай аласыз. Бұған қоса, қайталанатын жоспарланған хаттар, жаңа сыйлықтар үшін әділ…
19 листопада 2025