Жаңа бейін, жылдам медиа көргі мен маңайда 2.0

Read the original announcement in English
Жаңа бейін, жылдам медиа көргі мен маңайда 2.0

Жүздеген миллион адам Telegram-ға сүйіктілерімен қымбат сәттерін бөлісу үшін сенеді. Бүгін біз ортақ естеліктерді қайта көруді жеңілдетіп отырмыз: қайта жасалған бейін, ортақ медианы бірден көру мүмкіндігі және сурет пен бейнені көріп шығудың жаңа тәсілі.

Цифрлық экстраверт болсаңыз, жаңартылған Маңайда бөлімі жаңа достық құрудың тың жолын ұсынады.

Қайта жасалған бейін беттері

Бұл жаңарту бейіндерді қолданбаның ең функционалды (және ең әдемі) бөлімдерінің біріне айналдырады. Енді достарыңызбен бөліскен суретті, бейнені және сілтемені көру немесе олардың бейін суретін көру бұрынғыдан да оңай.

Интуитивті медиа қарау

Енді чаттар мен бейіндердегі медианы басу арқылы қарай аласыз, экранды қайта-қайта сырғытудан қалған іздер жоқ. Суреттің оң немесе сол жағын басып, алға немесе артқа өтіңіз.

Бұл жаңа мүмкіндіктерді қай жерде сынап көру керегін ойлап тұрсаңыз, жаңартылған «Маңайда» бөлімінен артық жер жоқ.

Маңайда 2.0

Өткен маусымда біз Маңайда мүмкіндігін бетпе-бет байланыс ақпаратын алмасу үшін қостық. Бұл жаңартумен Маңайда 2.0 сізге жаңа достар табуға немесе Валентин күніне соңғы минутта кездесу ұйымдастыруға көмектеседі.

Контант → Маңайда бөліміне кіріп, аймақтағы белсенді Telegram қолданушыларын көріңіз. Мені өзгеге көрсету батырмасын басып, оларға қосылыңыз және бейініңізді айналадағы адамдарға көрсетіңіз. Олар сізді тауып, тіпті сіз басқа бетке өтсеңіз немесе қолданбаны жапсаңыз да, хат жібере алады.

Енді шытырман оқиғаларға дайын болмасаңыз, Қайта жасырып қою батырмасын басып, «жасыру құрылғыңызды» қайта іске қосыңыз.

Жаңа анимациялы эмоджи

Өміріңіздегі маңызды адамдарды ең жаңа анимациялы эмоджилермен қуантудың мүмкіндігін жіберіп алмадық. 😘 😍 😻 🥰 💑 💋 💝 🧡 💛 💚 💙 💜 🖤 🤍 🤎 💔 – және, әрине, 💌 – енді әлдеқайда қозғалмалы болды.

Эмоджиіңізде жүрек болса, біз оған соққы береміз. Келесі жаңартуды күтіңіз!


2020 жылы 13 ақпан
ХОХО
Telegram командасы