Read the original announcement in English
Telegram-да сауалнамалар алғаш рет топтар мен арналарға қосылғаннан бері оларды түскі асқа қайда баруды шешуден бастап, жетекшісіз наразылықтарды ұйымдастыруға дейін қолданды. Бүгін біз Telegram сауалнамаларының мүмкіндіктерін кеңейтіп, үш жаңа түрін ұсынамыз.
Бұрын барлық сауалнама анонимді болатын. Енді топтағы әркімнің кімге дауыс бергенін көруге болады. Осылайша ананас пен пицца мәселесінде кіммен келіспейтініңізді білесіз.
Әрине, әлі де анонимді сауалнама жасауға болады, брокколиге дауыс бергеніңді ешкім білмейді.
Енді сауалнамада бірнеше нұсқаны таңдай аласыз. Бұл іс-шараларды жоспарлау немесе кешке арналған әндер плейлистін құру үшін ыңғайлы.
Біздің статистикаға әуес әрі қызық корреляцияларды зерттеуді жақсы көретін тәтеміз бұл мүмкіндікті көп сұрады, біз бас тарта алмадық. (Бұл өтінішті қабылдаған әзірлеушілердің 33%-ы ірімшікке тәуелді болып шықты).
Енді сауалнамада дұрыс жауабы бар куиз жасай аласыз. Бұл режімді викторинадан бастап мемлекеттік емтиханға дейін қолдануға болады.
Дұрыс жауап бергенде экранда конфетти жауады.
Сауалнаманы топтарда немесе арналарда жасауға болады. Жеке чаттарда олар жалғызсырайды. Қосымша мәзірден «Poll» таңдаңыз, сұрақты жазыңыз, жауап нұсқаларын қосыңыз, баптауларды орнатыңыз – дайын!
Жаңа сауалнама түрлері бот API жаңартуына қосылды.
Мысал ретінде біз куиз ботын жасадық. Ол арқылы бірнеше сұрақтан тұратын куиздер құрып, оларды басқалармен бөлісе аласыз. Сұрақтар алдында мәтін немесе медиа қосып, графиктер мен кестелермен емтихан стиліндегі тапсырмалар жасай аласыз немесе жеке Know Your Meme тесттеріңізді.
Куиз дайын болған соң, оны топқа немесе арнаға жариялауға, не қолданушыларды ботпен жеке чатта жауап беруге шақыруға болады. Қалай жұмыс істейтінін көру үшін демо-куизді байқап көр: «Great Minds» стикер жинағында кім жеңеді.
Бот қолданушылардың қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін және куизді қанша уақытта аяқтағанын есептеп отырады. Әр куиз үшін ғаламдық лидерборд жүргізіледі.
Жаңа сауалнамалардан бөлек, қолданбаларымызға жаңа визуалды баптау қосылды. Telegram хаттарың тым «шаршы» немесе «дөңгелек» болып көрінсе, енді хат бауырсақтарының пішінін «Баптаулардан» өзгерте аласыз.
iOS-тағы сияқты, Android пайдаланушылары енді файлдарды жүктеу алуда немесе жүктеп салуда - олар биттер мен байттарды санауға көңіл-күйі болса, нақты үдерісін көре алады.
Бұл бүгінгі жаңалықтар. Жаңа жылда тағы да қызықты жаңартулар күтіңіздер!
2020 жылы 23 қаңтар
Telegram командасы