Read the original announcement in English

Дауысчат алғаш рет желтоқсанда іске қосылды, Telegram топтарына тікелей эфирде сөйлесудің жаңа өлшемін қосты. Бүгіннен бастап олар арналарда да қолжетімді болады, қатысушылар санына ешқандай шектеу жоқ.
Бұл жаңарту сондай-ақ жазбаға жазылатын дауысчаттарды, қатысушылардың бай тізімін, қол механикасын көтеруді, спикерлер мен тыңдаушылар үшін сілтемелерді шақыруды, дауыстық чат атауларын және қоғамдық тұлғалардың дауыстық чаттарға арналары ретінде қосылу әдісін қосады.
Арналар мен жария топтар әкімшілері енді миллиондаған тыңдаушылары үшін дауысчаттарды жүргізе алады. Әңгімеңіз қаншалықты танымал болса да, жаңа адамдар тыңдай алады. Бұл ХХІ ғасырға арналған қоғамдық радионы қайта ойлап тапқандай.
Дауысчатты бастау үшін әкімші болып жүрген кез келген топтың немесе арнаның бейінін ашыңыз, (⋮) немесе (⋯) басыңыз және Дауысчат бастау таңдаңыз.
Кейбір әңгімелер уақытша болса да, сақтауға тұрарлық. Енді әкімшілер дауысчаттарынан аудио жазып, әңгімелерді сақтап, дауысчатты өткізіп алған жазылушыларға жариялай алады.
Жазуды аяқтаған соң, аудио файл бірден қоймаңызда қолжетімді болады. Күтпеген жағдай болмас үшін жазылып жатқан чаттардың атауының жанында қызыл жарық белгісі көрсетіледі.
Қатысушылардың үні өшірілген чаттарда тыңдаушылар әкімшілерге сөйлегісі келетінін білдіру үшін қол көтере алады.
Өзі жайлы ақпарыңыздағы мәтін енді қатысушылар тізімінде көрінеді. Оны өзіңіздің тәжірибеңіз, қызығушылықтарыңыз немесе жай ғана өзіңіз жайлы қысқаша ақпарды көрсету үшін қолдана аласыз. Бұл мәлімет әкімшілерге сұрақтарыңызға немесе пікірлеріңізге лайықты орын табуға көмектесуі мүмкін.
Жария топтар мен арналардың әкімшілері енді бірден дауысчатын ашатын шақыру сілтемелерін жасай алады. Жеке сілтемелерді сөйлеушілер мен тыңдаушыларға бөлек жасауға болады. Осылайша маңызды қонақтар қосылғанда оларды қосымша үнмен қылудың қажеті болмайды, ал олар алдағы чат жайлы өз қауымдастықтарына бөлек сілтемемен хабарлай алады.
Қаласаңыз дауысчаттарда қосымша атауларды орната аласыз, бұл қолданушыларға қосылмас бұрын әңгіменің тақырыбын көруге мүмкіндік береді.
Арнадағы дауысчатқа кіргенде, қолданушылар жеке тіркелгілерімен қосылуды немесе өз арналарының бірі ретінде көрінуді таңдай алады. Танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері жеке аккаунттарына артық назар аударылмауы үшін осы мүмкіндікті қолдана алады.
Мысалы: Бразилия мен Түркия президенттері Павел Дуровтың арнасында кездесіп, қолданушылардың сұрақтарына жауап бере алады. Бұл олардың чаттары жанкүйерлердің хаттарына толып кету қаупін азайтады.
Хатты басқа чатқа қате жөнелтсеңіз, жібермей тұрып X батырмасын басыңыз, осылайша жіберуді тоқтатуға немесе басқа чат таңдауға болады.
Сонымен қатар ұзақ дауысхаттарды тыңдағанда, тоқтаған жерден қайтадан жалғастырып тыңдай аласыз. Бұл мүмкіндік бұрын ұзақ бейнелер мен аудиотректерге қолжетімді болған еді, біз бәрін қамтыдық деп ойлағанбыз, бірақ содан кейін аудиот әжеміз бен атамыз тіркелді.
Android қолданушылары чаттар тізімінде солға сырғытқанда орындалатын әрекетті өздері таңдай алады: чаттарды мұрағаттау, бекіту, үнсіз қылу, жою немесе оқылған деп белгілеу. (iOS-та бұл әрекеттердің бәрі қолжетімді, қай бағытқа сырғытқаныңызға байланысты.)
Бүгінге осы, келесі жаңартуды күтіңіз!
2021 жылы 18 наурыз
Telegram командасы