Бейін бейнесі, 2 ГБ файлды бөлісу, топ статистикасы, маңайдағы адамдар және т.б.

Read the original announcement in English
Бейін бейнесі, 2 ГБ файлды бөлісу, топ статистикасы, маңайдағы адамдар және т.б.

Бүгінгі жаңартуда Бейін бейнесі, жетілдірілген Маңайда мүмкіндігі, әр файлға дейін 2 гигабайтқа дейін шексіз файл алмасу, чат тізімі мен хаттарға арналған шағын нобайлар, топ статистикасы және т.б. жаңалықтар қосылды.

Бейін бейнесі

Енді бейініңізге бейне жүктей аласыз және оны чаттардағы статикалық бейін суреті ретінде кез келген кадрды таңдай аласыз.

Кез келген бейнені жүктегендегідей, медиа өңдегішіміз бейненің сапасын жақсартуға көмектеседі немесе өзіңді анимациялық стикерлермен сәндей аласыз.

Көңіл-күйің өзгергенде, «Негізгі етіп қою» батырмасын басып, алдыңғы бейін суретіне немесе бейнеге тез қайта орала аласыз. Бұл уақытты кері айналдыруға және мәңгі жас болып қалуға тамаша мүмкіндік.

Теріні жұмсарту

Медиа өңдегішке қатысты айтар болсақ, енді алдыңғы камерамен түсірілген кез келген фото немесе бейнеде теріні жұмсарту мүмкіндігі бар. Бірақ әдемі көріну үшін сізге ол қажет емес, себебі онсыз да кереметсіз.

Маңайда

Бейін бейнесі жаңа адамдармен танысуды әлдеқайда қызықты етеді, сондықтан біз осыған орай Маңайда бөлімін күшейттік.

Біреу сізге «Маңайда» арқылы жазса, олардың қаншалықты алыс екенін көресіз. Ал жақын адаммен чат бастағанда, Telegram мұзды бұзу үшін сәлемдесу стикерін ұсынады. Бақытымызға орай, барлық стикеріміз – экстраверттер.

Маңайда

Адамдар жаңа әлемге абайлап шығып жатқанда, достар табатын уақыт келді және жерді қайта қоныстандыру стикер жинақтарыңды салыстыруға болады. Контакт → Маңайда бөліміне кіріп, «Мені өзгеге көрсету» батырмасын басып көріңіз.

Шағын нобай

Келіп жатқан сурет тағы бір мем бе, әлде күтіп жүрген селфиіңіз бе деп ойлап көрдіңіз бе? Енді хаттардағы медиа жайлы бірден түсінік алу үшін жаңа чат тізіміндегі нобайлар бар.

Чат тізіміндегі шағын нобайлар

Жаңа нобайлар енді мәлімдемелер мен хаттарды іздеу нәтижелерінде де көрсетіледі. Мысық фотосын ешқашан жоғалтпаңыз.

Көрініс жайлы айтсақ, сіз чат тізіміндегі бейін суретін ұстап тұра аласыз, сонда чатқа кірмей-ақ хаттарды алдын ала көре аласыз. Бұл мүмкіндік 2018 жылдан бері бар, бірақ бізге сөйлейтін кальмар түсімізде айтып, бұнда еске салуды тапсырды.

Контант емес адамдардан жаңа чаттарды сүзгілеу

Маңайда және 200 000 мүшеге дейінгі топтардың арқасында сіз әрқашан сөйлесетін адам таба аласыз. Ал кейбір танымал тұлғалар керісінше тым көп назардан құтылғысы келеді, біз бұған да дайынбыз.

Сізге контакт еместерден тым көп хат келсе, құпиялық пен қауіпсіздік баптауындағы жаңа мүмкіндікті қолданып, олардан келген жаңа чатты өздігінен мұрағаттап, үнсіз ете аласыз. Бұл чаттарға кез келген уақытта мұрағат бумасынан кіріп, бір басып, негізгі чат тізіміне қайтара аласыз.

Топ статистикасы

500 мүшеден асатын үлкен топтардың иелері енді топтың белсенділігі мен өсуі жайлы әдемі әрі толық графиктерді көре алады. Топ статистикасы сондай-ақ хаттар саны мен орташа хат ұзындығы бойынша ең белсенді мүшелердің тізімін көрсетеді.

Айтпақшы, Арна статистикасын алу үшін қажет жазылушылар саны да 500-ге дейін төмендетілді. 🎉 Жақын арада біз 100 мүшесі бар барлық топ әкімшісіне топ статистикасына қол жеткізу мүмкіндігін беруді жоспарлап отырмыз.

Android қолданбасындағы жаңалықтар

Android-та музыка ойнатқышы жаңа заманауи таңбалармен және кеңейтілетін трек тізімімен қайта жасалды. Сол жақтағы батырманы басып, қайталауды, араластыруды және тректердің ретін кері айналдыруды басқара аласыз.

Хат енгізу жолағы ұзақ хат жазғанда бірқалыпты өседі. Ал бейне өңдегіші енді бейнелерді қиюға және айналдыруға мүмкіндік береді, мысалы: вертикалды түсіргеніңізді жасыру үшін.

Telegram Desktop-та бірнеше аккаунт

Telegram сізге әртүрлі телефон нөмірлерінен 3 тіркелгіге дейін кіріп, тіркелгіден шықпай-ақ қолдануға мүмкіндік береді. Мобильді қолданушылар бұл мүмкіндікті 2017 жылдан бері қолданып келеді, ал бүгін ол көп платформалы Telegram Desktop-қа да келді.

Әдеттегідей, бұл үшін телефоныңызға белсенді қосылу қажет емес, барлық қолданбамыз толықтай дербес.

Тағы да анимациялы эмоджи

Біздің анимациялы эмоджи армиясы өсіп келеді (өзіме ескерту: үлкен казарма салу керек). Чатқа осылардың бірін 👇 алу үшін, жай ғана бір эмоджиден тұратын хат жіберіңіз, ол тіріліп кетеді.

Абай болыңыз, олардың бірі тістейді. Ал қайсысы екенін айтуға рұқсат жоқ.

Сізге көбірек интерактивті нәрсе керек болса, кез келген чатқа ⚽️ жіберіп көріңіз, сонда гол соққаныңызды көресіз:

Тағы бір нәрсе

2014 жылдан бері Telegram қолданушылары әрқайсысы 1,5 ГБ-қа дейінгі файлмен бөлісіп келеді, бұл 16 МБ-тан 93 есе үлкен (бұл толықтай кездейсоқ сан, оның нені білдіретінін біз білмейміз).

Енді кез келген түрдегі медианы және файлды шексіз жібере аласыз, әрқайсысы 2 ГБ-қа дейін.


Бүгінге осы. Біз қазір жылдың ортасында тұрмыз, артта сегіз ірі жаңарту қалды және көптен күткен мүмкіндіктер алда. Күте тұрыңыз!


2020 жылы 26 шілде
Telegram командасы