Read the original announcement in English
Алдыңғы жаңарту Telegram-ға көбірек қозғалыс әкелді, бұл жолы көбірек тыныштық сыйлайды. Енді достарыңыз ұйықтап жатқанда, оқып жатқанда немесе жиналыста отырғанын білсеңіз де, еркін түрде хат жібере аласыз.
Жай ғана жіберу батырмасын ұстап тұрыңыз, кез келген хат немесе медиа дыбыссыз жеткізіледі.
Алушы әдеттегідей мәлімдеме алады, бірақ телефоны дыбыс шығармайды, тіпті Мазаламау режімін қосуды ұмытып кетсе де.
Бұл мүмкіндік топтарда да жұмыс істейді, таңғы бесте ойыңызға керемет идея келсе, бірақ жұмыс чатын түгел оятқыңыз келмесе.
Сіз басқаратын топты қадағалау қиындап бара жатса, Топ рұқсаттары бөлімінде енді Баяу режім баптауы бар.
Әкімші топта баяу режімін қосса, сіз тек белгілі бір аралықта бір хат жібере аласыз. Таймер келесі хатты жіберу үшін қанша уақыт күту керегін көрсетеді.
Баяу режімі топтағы сөйлесуді ретке келтіреді және әр хаттың құндылығын арттырады. Оны тұрақты қосып қоюға немесе қажет кезде ғана қолдануға болады.
Топ иелері енді әкімшілерге «Модератор», «Жазалаушы» немесе «Төреші» сияқты жеке атаулар бере алады.
Әдепкі әкімші белгісі сияқты, жеке атаулар да әр хатпен бірге көрсетіледі.
Жеке атау қосу үшін әкімшінің құқықтарын топ баптауынан өңдеңіз.
Бейнелерді жылжытқанда енді кадрлық көрініс көрсетіледі.
Бейне сипаттамасына 0:45 сияқты таймкод қоссақ, ол сілтеме ретінде ерекшеленеді. Оған басқанда бейне дәл сол жерден ойнатылады. Бұл бейнеге жауап бергенде таймкодты айтсаңыз да жұмыс істейді.
YouTube бейнелерінде де қолдау бар, сүйікті сәттеріңізді бөліскенде ыңғайлы.
Анимациялы стикеріңіз болса, неге бір қадам алға басып, анимациялы эмодзжи қоспасқа?
,
,
,
немесе
эмоджилерін жеке жіберіп көріңіз.
Өміріңіз тым «анимациялы» болып кеткендей сезінсеңіз, стикер баптауында қайта ойнату мүмкіндігі бар, өшірсеңіз, анимациялы стикер бір рет қана ойналып, тоқтап қалады.
Android тіркеме мәзірі жаңартылды, медиаға көбірек орын берілді. Үлкенірек нобайлар суреттер мен бейнелерді таңдауды жеңілдетеді, ал жоғары сырғытсаңыз толық галерея ашылады.
Сондай-ақ солға-оңға жылжып, орналасқан жерлерді, сауалнаманы және музыканы таңдай аласыз. Медиа таңдағанда «…» батырмасын басып, файлдарды қысылмаған құжат ретінде жіберуге болады.
iOS қолданушылары енді түнгі тақырыптар үшін айқындама түстерін таңдай алады. Түн әрқашан қара-көк бола бермейді.
Comments.App – арна жазбаларына пікір қалдыруға арналған құрал, енді сайтыңызға пікірлер виджетін қосуға мүмкіндік береді.
Telegram қолданушылары екі рет басып, мәтін мен суреті бар пікір қалдыра алады, сондай-ақ пікірлерге лайк, дизлайк қойып, жауап бере алады.
Олар пікірлерге жазылып, @DiscussBot ботынан мәлімдеме ала алады.
Жаңа виджетті көру үшін осы бетті ашыңыз, әзірге ол көз жүгірту беттерін қолдамайды. ![]()
Әзірге осы. Уайымдамаңыз, келесі Telegram жаңартуы үнсіз жіберілмейді.
2019 жылы 9 тамыз
Telegram командасы