Арналар

Read the original announcement in English

Арна – жария хаттарыңызды көпшілік аудиторияға тарату үшін арналған құрал. Олар әр жарияланым сайын адамдардың телефондарына мәлімдеме жіберіп, оларға тікелей жетудің бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Telegram арналарында шексіз жазылушылар саны болуы мүмкін, жариялау құқығы тек әкімшіде бар. Telegram топтарынан айырмашылығы, арналар хаттардың жанында оларды жіберген адамның аты-тегін емес, арнаның атын және суретін көрсетеді.

Медиа ұйымдар мен қоғам қайраткерлері оқырмандарымен, сайлаушыларымен және жанкүйерлерімен байланыста болу үшін арналарды қолданады. Нақты өмірден мысалдар көру үшін @Bloomberg, Coronavirus Info арнасына кіріңіз немесе жаңартуларымыздың ресми @Telegram арнасына қосылыңыз.

Өз арнаңызды құру үшін Telegram-да «Жаңа хат» мәзірін ашып, «Жаңа арна» тармағын таңдаңыз. Жаңа құрылған арналар бастапқыда жекеше болады, бірақ олардың бейінін өңдеп, жария етуге болады.

Жалпыға жария арналардың мазмұнын Telegram тіркелгіңіз болмаса да вебте көруге болады және олар іздеу жүйелерінде индекстеледі. Мысалы: t.me/s/FinancialTimes мекенжайын қараңыз.

Өздігінен ойнатылатын бейне мен медиа

Арналар тек мәтіндер мен сілтемелер үшін ғана емес, Telegram өздігінен ойнатылатын бейнелерден анимациялы стикерлерге, сауалнамаларға және одан да басқа контент түрлерін қолдайды.

Бейнелер дыбыссыз күйде өздігінен ойнай бастайды. Құрылғыдағы дыбыс тетігін басу бейнені дыбыссыз күйден шығарады, бейнені түрту оны басынан бастап толық экран режімінде іске қосады.

TITLE

Бірнеше суретті бірге жіберсеңіз, олар әдемі макетпен альбом құрайды және бүкіл топтама үшін жазылушыларыңызға тек бір ғана хат жіберіледі.

TITLE

Кез келген түрдегі ірі файлдарды және контент үшін пайдалы толық ажыратымдылықтағы ықшамдалмаған суреттерді жібере аласыз, мысалы: инфографика.

TITLE

Подкасттар сондай-ақ ерекше қарастырылады. Telegram қолданбалары ұзақ аудиофайлдарды ойнатуды жалғастырған кезде соңғы ойнатқан кезді еске сақтайды. Асығыс қолданушылар оларды 2 еселенген жылдамдықпен тыңдай алады:

Ұзақ аудио файлдарды 2х жылдамдықта ойнату батырмасының орнын көрсететін скриншот.

Мәтін пішімдеу

Хатқа жуан қосымша екпін мен ақпарат қосыңыз, көлбеумен не асты сызылған мәтінмен, сілтемемен және жасырын сияқты кеңейтілген теңшеулермен хатқа қосымша екпін мен ақпарат қосыңыз.

Жылдам бөлісу

Арнадағы әрбір жазбаның жанында ыңғайлы бөлісу батырмасы бар, бұл жазылушыларыңызға элементтерді басқаларға жіберуді немесе оларды қоймада сақтауды жеңілдетеді.

TITLE

Жылдам бөлісу мәзірінде сондай-ақ жазбаңызға тікелей сілтеме көрсетіледі. Telegram-да бұндай сілтемелерді басу арнаны ашып, хатты белгілейді.

Жазбаға сілтеме

Жария арнадағы барлық жазба бірегей t.me сілтемесіне ие, оны кез келген адаммен бөлісуге болады, тіпті олардың Telegram қолданбасы орнатылмаған болса да.

Telegram-нан тыс жерде бұл сілтемелер жазбаны қолданушының браузерінде ашады, онда олар арнаны алдын ала көріп немесе құрылғысына қолданбаны тез орната алады.

Қуатты сауалнама

Жария пікірді анықтау, шешім қабылдау және аудиторияңызбен байланыс орнату үшін сауалнама қолдана аласыз.

Қай нұсқаға кім дауыс бергенін көрсететін сауалнама

Куиз стиліндегі сауалнама

Қызықтырақ ету үшін немесе жазбаңызға қосымша білім беру құндылығын қосу үшін 🧐 – бір ғана дұрыс жауап беретін куиз стиліндегі сауалнаманы қолданыңыз.

TITLE

Тікелей эфир

Кез келген арнаны шексіз көрерменге арналған тікелей эфирлер өткізетін кәсіби телеарнаға айналдыруға болады. OBS және XSplit сияқты стриминг бағдарламалары арқылы бірнеше кіріс, графика және тағы басқаларды оңай басқарыңыз.

Жанды эфирге шыққанда жазылушыларға мәлімдеме жіберіледі және олар кез келген құрылғыдағы Telegram қолданбасынан қосыла алады.

Пікір

Арнаңыздағы жазбаларға пікір қалдыру батырмасын қоса аласыз.

Оны іске асыру үшін арна ақпараты бетінен пікірталас тобын қосыңыз. Барлық пікір жазбаңыздың астында бөлек талқылау тақырыбында, сондай-ақ пікірталас тобында да көрсетіледі, бұл әкімшілерге әңгімені мәдени деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Реакция

Арна баптауында реакцияны қосу арқылы жазылушылардан лезде кері байланыс алыңыз. Қолданушылар жазбаға оннан астам кейіптік эмоджилер арқылы мақтау мен пікірлерін тікелей білдіре алады.

Арнаңызда қандай реакция эмоджилері қолжетімді болатынын таңдай аласыз, бұл жауаптардың кең спектрін немесе 👍 пен 👎 сияқты қарапайым нұсқаларды қамтамасыз етеді.

Көрілім санағышы

Арнадағы әрбір жазбада көрілім санағышы бар. Хаттардың жіберілген көшірмелерінен түскен көрілім саны жалпы есепке қосылады.

TITLE

Егжей-тегжейлі статистика

Жетілдірілген статистика 500-ден астам жазылушысы бар арналарда қолжетімді. Оның өсуі және жарияланымдарының өнімділігі жайлы әдемі әрі егжей-тегжейлі графиктерді көре аласыз.

Арнаңызға қанша қолданушы қосылып, шығып, үнсіз режімге өтіп жатқанын, олар қандай тілдерде сөйлейтінін, жазбаларыңызбен қалай әрекеттесетінін және арнаңызды қалай тапқанын қадағалай аласыз – Telegram іздеуінен, сілтемеге өту арқылы және т.б.

Жоспарланған және дыбыссыз хат

Жазбаларыңызды алдын ала жоспарлап, оларды көрсеткен уақытта өздігінен жариялай аласыз. Түнгі немесе шұғыл емес жаңартулар үшін жазылушыларыңызға дыбыссыз хат жібере аласыз, ол ешқандай дыбыссыз мәлімдеме түрінде көрсетіледі.

Қосымша жіберу теңшеуі үшін «Жіберу» батырмасын басып тұрыңыз:

TITLE

Бекітпе

Хатқа қосымша назар беру үшін бекітуге болады. Бекітілген хаттардың көрінісі чаттың жоғарғы жағындағы баннерде көрсетіледі, ал қолданушылар баннерді түртіп, әрбір бекітілген хатқа бірден секіре алады.

TITLE

Хештег

Telegram хештегтерді қолдайды, хаттағы хештегке басу арнадағы барлық белгіленген жазбаларды іздеу бетбейнесінде көрсетеді. Бұл арнаңызға қосымша навигациялық деңгей қосуға және ескі жазбаларыңыздың көрінімділігін арттыруға пайдалы.

TITLE

Жазылушының құпиялығы

Жазылушы тізімі тек арна иесі мен әкімшілерге көрінеді. Жазылушылар басқа кімнің тіркелгенін көре алмайды, сондай-ақ арнаны қай тіркелгілер басқаратынын да көре алмайды.

Арнаны растау

Танымал тұлғалар мен ұйымдар өздерінің жария арнасын растай(https://telegram.org/verify/kk) алады, осылайша қолданушылар оның ресми екенін біледі.

Расталған чаттар чат тізімінде де, бейіндерінде де көк таңбасымен көрсетіледі. Ұйымыңыз атынан арнаны, топты немесе ботты растау үшін @VerifyBot мекенжайына хат жіберіңіз.

Қосымша әкімші

Сізге арнаны басқаруға көмектесу үшін қосымша әкімшілер тағайындап, олардың рөлін дәлдікпен анықтауға болады. Жаңа жазылушыларды қосуға, хаттарды басқаруға, арна ақпаратын өңдеуге немесе тіпті жаңа әкімшілерді қосуға кімнің мүмкіндігі болатынын таңдаңыз.

Әкімші қолтаңбасы

Кейде белгілі бір хатты кім жариялағанын білу маңызды. Ол үшін арна ақпарында қолтаңбаны қосуға болады. Жаңа хаттар жариялаған әкімшінің таңдаған атымен қол қойылады, бірақ ол бейініне сілтеме жасамайды.

TITLE

Өз арнаңыз ретінде жариялаңыз

Арна пікірлері (соның ішінде басқа арналарда) немесе жария топтарда сөйлескенде жеке тіркелгіңіздің орнына аты ашық арналарыңыздың бірі ретінде анонимді түрде көріне аласыз. Осылайша ресми мәлімдеме жасағыңыз келсе, хатыңызды арна атынан жібере аласыз.

Кіріктірілген хат

Жария арналардағы хаттарды Telegram виджеттердің көмегімен кез келген веб-парақшаға оңай ендіруге болады.




Хат өңдеу

Қате жаздыңыз ба? Бір сөзді жіберіп алдыңыз ба? Бірдеңе қосқыңыз келе ме? Қанша уақыт бұрын жарияланғанына қарамастан, арнадағы хатыңызды оңай өңдеуге болады. Хатты басыңыз (iOS-та екі рет басыңыз немесе ұзақ басып тұрыңыз), содан кейін «Өңдеу» батырмасын басыңыз.

Хат жою

Уақыт кестесіне техникалық қызмет көрсеткіңіз келсе, кез келген хабарламаны кез келген уақытта, бәрінен жоя аласыз. Жойылған хаттар жаңа және ескі жазылушылар үшін таспадан жоғалады.